Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы (курстық жұмыс)

16:26, 8 маусым 2017

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi” өзектi тақырыптардың бiрi болып табылады. Өйткенi, қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жүзеге асырып отыр.

         Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптақалы берi, көптеген экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаған ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы күшiне айналды.

         Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргiзу, т.б. үшiн керек. Өндiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үшiн ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшiн несиенi пайдалануға мәжбүр болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Өндiрiстiң кеңеюiне, ақша айналымы сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.

         Банктiк несие экономиканың дамуына үлкен әсер тигiзедi. Банктiк несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған. Курстық жұмыстың мақсаты- ЅР-ғы қазiргi таңдағы банктердiң несиелеу процесiнiң экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты туындайтын проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру.

         Курстық жұмыс кiрiспеден, 1- несие түсiнiгi және оның теориясы, 2- ЅР- ның экономикалық жағдайына банктiк несиенiң даму тенденциялары, қорытындыдан тґрады.

1.1.    Банктiк несие мәнi және экономикалық ролi.

Ұдайы өндiрiс фазаларының бiрлiгi мен өзара әсерi тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етiледi.Ұдайы өндiрiс процесi фазаларының өзара әсерi тауарлық шаруашылығы несиенiң орнын айқындауда және оның мәнiн ашуда елеулi мәнге ие. Өндiрiсте несиелiк қатынас жүргiзiлмейдi. Өндiрiстiк процеске несиелiк қатынастардың тек бiрiншi жағы –алынған несиенi өндiрiстiк мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екiншi жақ– кредитор өдiрiстiк процестiң сыртында қалады. Демек, несие бiрегей ұдайы өндiрiс процесiнiң субъектiлерi арасындағы экономикалық байланысты бiлдiредi. Сондықтан несиенiң мәнiн ұдайы өндiрiс процесiнiң бiр сатысымен ғана байланыстыруға болмайды. Несие тек өндiрiсте ғана пайда бола алмайды, өйткенi мұндай өнiм әлi жасалған жоқ, ал оның білiктерi ұдайы өндiрiс процесiнiң сәйкес қатынасушыларының иелiгiне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндiрiс сатысы емес өнiмнiң қозғалысының келесi сатылары бередi. Осы мағынада несиелiк қатынастар бұл өндiрiстегi қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады

Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмiлесiнiң формасы ретiнде құн қозғалысының үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс. құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесiнде мәмiленiң 2 түрi ажыратылады: қарыз мәмiлесi және алу — сату мәмiлесi. Несие қарыз мәмiлесi ретiнде тауар айналысының процесiне себепшi бола алады. қарыз мәмiлесi тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмiлесiне қарсы қатып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкiн. Олардың арасындағы негiзгi айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезiнде эквиваленттiң қайтарылуы кейiнге қалдырылады. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал, эквивалент қайтарылуының кейiнге  қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу­-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмiлесiн сатып алу-сату мәмiлесiнiң бiр түрi деп ойлауға болмайды.

         Айырбастың 2 контрагентiнiң бiрегей келiсiмi ретiнде алынған сатып алу-сату мәмiлесi олардың арасындағы кездейсоқ, өткiншi байланысты жүзеге асырады.

         Несиенi экономикалық категория ретiнде қарыз мәселiсi негiзiнде көрiнетiн және дамитын өндiрiстiк қатынас арқылы анықтау керек. қарыз мәселесi несиесi экономикалық категория ретiнде өз бетiнше сипатталмайды, оны мәлiм негiзiнде пайда болатын өндiрiстiк байланыстар немесе жүзеге асыру формасы мәмiлесi болып табылатын өндiрiстiк қатынастар сипаттайды. Несие шаруашылық жүйелердiң ауысуына жағдай жасап отырып өзi де ауысып отырады,өз мазмұнын өзгертедi. Қарыз мәмiлесi ретiнде несиенi екi көзқараста қарастыруға болады: бiрiншiден, оның техникалық заңдылық белгiлерi көзқарасынан, екiншiден, әлеуметтiк мазмұны, яғни осы келiсiм негiзiнде өсетiн және дамитын немесе онда өз көрiнiсiн табатын өндiрiстiк байланыстар типiн сипаттайтын белгiлер тұрғысынан бұл екеуi бiр-бiрiнен бөлiнгiсiз, олар өзара байланысты және себепшi. Бiрақ экономикалық талдау үшiн маңыздысы қарыз мәселесiнiң экономикалық мазмұны, яғни өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр формалармен байланысты шаруашылық әдiстерi, жұмыс тәсiлдерi емес, өндiрiстiк қатынастардың өзi болып табылады. Бұл жағдайда былайша түсiндiруге болады. Мысалы, машина өндiрiсiн таза техникалық тиiмдiлiгi тұрғысынан қарастыруға болады, сонымен қатар сол машина  өндiрiсi негiзiнде пайда болатын және дамитын өндiрiстiк байланыстардың формалары мен типтерi тұрғысынан, бұл бiр жағынан, оларға себепшi, ал екiншi жағынан, олар оны анықтайды. Бiрiншi жағдайда, бiз машина өндiрiсiн техникалық-экономикалық категория, ал екiншiсi жағдайда-экономикалық категория ретiнде қарастырамыз.

Несие-өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретiн экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенiн атап өту керек. Ол өндiрiстiк күштердiң тек белгiлi бiр дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар — жалпы тарихи категориялар. Несиенiң және несиелiк қатынастардың пайда болуына табиғи негiз, тауар шаруашылығы болып табылады.

Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретiнде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негiз болып табылады. Ақша қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн себептер, несие қажеттiлiгiнiң де себептерi болып табылады.

Несие ұдайы өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен келiп шығады. Несие берiлген сайын ол шар, субъектiлердiң өндiрiстiк капиталы ақшалай, өндiрiстiк және тауарлық формаларда болады.

Несиенiң мәнiн ашу-бұл несиенi экономикалық қатынастардың бiртұтас жүйенiң элементi ретiнде көрсететiн, оның мәндi анықтығын бiлдiретiн сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенiң мәнi және қажеттiлiгi туралы жоғырыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық. Несиелiк мәмiледе қатынас субъектiлерi қарыз берушi және алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндiрiсi мен тауар айналысы негiзiнде жүредi.

Кредитор-несиелiк мәмiленiң қарызды ұсынушы жағы. қарыз беру үшiн кредитордың қарамағында белгiлi бiр қаражаттар болуы керек. Оның көздерi өз қорлары, ресустары, өз кезегiнде қайтарымдық негiзiнде ұдайы өндiрiс процесiнiң басқа субъектiлерiнен алынған ресурстар бола алады. Қазiргi уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншiгiндегi ресустар есебiнен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебiнен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебiнен де бере алады.

Банктердiң құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүредi. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкiлi болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретiнде бола отырып, несиелеу үшiн шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресустарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбiр жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға берiледi. Кредитор ретiнде басқа шаруашылық иесiне белгiлi бiр мерзiмге ресурс берушi тұлға болады. Қарыз алушы несиенi белгiленген мерзiмде қайтармаған жағдайда несиелiк келiсiмнiң ерiктiлiгi бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады.

Қарыз алушы-несиелiк қатынастың, несиенi алушы және алған қарызды қайтаруға мiндеттi жағы болып келедi. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiне жақын, бiрақ шамасы бiрдей түсiнiк емес. Борыш-мiндеттi жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсiнiк. Несиелiк мәмiлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.

Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы  ол несиелiк мәмiледе төмендегiдей ерекшелiктерге ие. Бiрiншiден, ол қарызға берiлетiн  қаражаттардың меншiк иесi болып табылмайды, олардың уақытша ретiнде болады; өзiне тиiстi емес бөтен бiреудiң ресустармен жұмыс iстейдi. Екiншiден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндiрiс сферасында да пайдаланылады. Үшiншiден, қарыз алушы өзiнiң шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткiлiктi түрде есеп айырусымен қоса қайтарымды толық өтеу үшiн ұдайы өндiрiс процесiн өркендете түсу керек. Төртiншiден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызында төлейдi. Бесiншiден, қарыз алушы өзiнiң кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелдi болады.

Кредитор мен қарыз алушы несиелiк қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Несиелiк қатынастар шеңберiнде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы  мүмкiн: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.

1.2.Банктiк несиенiң функциялары мен түрлерi.

       Кәсiпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, несие жүйесiнiң  қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмi қызмет етуiнiң үздiксiздiгi мен тиiмдiлiгiнен тек жеке шаруашылық бiрлiктерiнен қаражаттарды дер кезiнде алуды ғана емес, сонымен қатар толығымен мемлекеттiң экономикалық даму типтерi де тәуелдi болады. Ең алдымен, өнiм өткiзумен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде несиенiң ролi зор.

         Кәсiпорындар, ұйымдар және басқа да шаруа жүргiзушi субъектiлердiң несиеге деген қажеттiлiгi өнiм өткiзуден түскен қаражаттардың түсу уақытының материалдық құндылықтарды сатып алу, еңбекақы төлеу мен қызмет көрсетулерге төлем жасауға кеткен шығындарды өтеу уақыты арасы сәйкес келмегендiгiнен туады. Бұл шығындарсыз өндiрiс тоқтап қалуы мүмкiн.

         Мұндай қаражаттың бар болуы мен оларды тұтыну арасындағы уақытша қарама-қайшылық несие көмегiмен шешiледi, яғни несие арқылы өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.

         Қаражаттарда уақытша қажеттiлiк маусымдық өндiрiс пен, өнiмнiң жеке түрлерiн тұтынумен байланысты пайда болуы мүмкiн. Өндiрiстiк шығындарында маусымдық үзiлiс өндiрiстiң маусымдық кеңеюi кезiнде өтелетiн несиемен жабылады. Өнiрiстiң кеңеюiнде несие үлкен роль ойнайды. Несие негiзгi қорларды сатып алу үшiн (қаражат көзi ретiнде), жетiлген жаңа жабдықтарды сатып алу үшiн, өндiрiске жаңа техналогияны енгiзу үшiн, тағы да басқалары үшiн қаражат көзi ретiнде көрiнiс табады.

         Белгiлi бiр бағытта несиенi қолдану бюджеттiк қаржыландырумен салыстырғанда бiраз артықшылығы бар. Капиталды салымдар үшiн қаражаттарда қажеттiлiктi анықтау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер барынша көп қаражаттарды алуға және оларды бақылаусыз тиiмсiз жұмсауға ұмтылады, себебi оларды қайтаруды ешкiм талап етпейдi. Ал, несиенi пайдаланғанда ұмтылыс болмайды, өйткенi қарызға алынған қаражаттар пайызбен қайтарылатындықтан.

         Ақша айналымы сферасында несие маңызды роль атқарады. Қолма-қол ақшаны несиелiк операциялармен ауыстыру функциясын орындай отырып, несие айналымдағы ақша айналымын ұйымдастыруда оң әсерiн тигiзедi.

         Нарық қатынасы қалыптасуының қазiргi жағдайында несиелiк қатынастар сферасы, кеңеюiнде және несие салымдары көлемi ұлғайып жатыр, осылай экономикалық дамуында несиенiң ролi жоғарлайды.

         Қазiргi кезде бюджеттiк қаржыландыру көлемi қысқарып азаяды. Мемлекеттiң (бюджеттiң), кәсiпорынның, фирмалар мен басқа да шаруашылық субъектiлерiнiң, сонымен қатар жеке тұлғалардың өндiрiстi ұйымдастыру мен кеңейтуге және т.б. инвестициялау, банк несиелерi арқылы жүзеге асырылып жатыр.

         Нарықтық экономиканың дамуымен несиелiк қатынастарды кеңейту үшiн басқа да мүмкiндiктер пайда болады. Көбiнесе коммерциялық және ипотеклық несиелер, вексельдер. Сонымен қатар акциялар мен басқа да құнды қарыздарды кепiлге беру арқылы несие берiлетiн болады.

         Инфляция кезiнде де несие ролi зор болады. Себебi несиелеу арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуге мүмкiндiк туады және ақша бiрлiгiн сатып алу мүмкiндiгiн тұрақтауға көмектеседi. Сонымен қатар несиелiк қатынастардың кеңеюiне несиелеудiң жаңа әдiстерiн, мысалы проекттi қаржыландыру сияқты, қолдану оң әсерiн тигiзедi. Осының бәрi экономиканы басқарудың нарықтық әдiстерi кезiнде несиенiң қажеттiлiгi күшейедi, оның ролi жоғарлайды және өндiрiстiң кеңеюiне әкеледi.

         Несиенiң мәнi нақты функцияларда көрiнедi. Қазiргi экономикалық әдебиеттерде несиенiң 2 функциясын ажыратады. Олар құнды қайта болу мен нақты ақшаны несиелiк операциялармен алмастыру.

         Қайта бөлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындағы несиелiк қатынастар құн айырбасы процесiнде уақытша босаған қаражатты борышқорға берумен, сосын осы құн бастапқы иесiне қайтарылу жолымен қайта бөлу стадиясында пайда болады. Шаруашылық субъектiлерi мен азаматтардың уақытша босаған ресурстарын басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесiн бiлдiредi. Бұл процесс несие арқылы жүзеге асырылады. Оған осы қайта бөлу функциясы жатады.

         Қайта бөлу салалық және территориялық белгiлерi бойынша жүруi мүмкiн. Несие арқылы құнды қайта бөлу микро және макроэкономикалық деңгейде жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табыс қайта бөлiнедi.

         Несиенiң екiншi функциясы нақты ақшаларды несиелiк операциялармен алмастыру болып табылады. Бұған «қолма-қол ақша» сөзi келедi. Себебi айналымда құны жоқ ақша белгiлерi жүредi. Сондықтан «нақты ақша» болып табылмайтын, тек оларды алмастыратын ақша бiрлiктерi болып табылады.

         Қазiргi несие шаруашылығында осындай алмастыруға қажеттi шарттар қолданылады. Қолма-қолсыз есеп айырысу мен байланысты бiр шоттан екiншi шотқа ақшаны аудару (несие негiзiнде жүзеге асырылатын) айналымдағы қолма-қол ақша көлемiн сақтауға мүмкiндiк бередi.

         Бiздiң көз қарасымыз бойынша тек көрсетiлген осыдан басқа несие келесi қосымша 2 функция атқарады: капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату және бақылау.

         Капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату функциясы. Несиелiк механизм қосымша құнның капиталға айналу процесiне ықпал тигiзедi және жеке жинақтау шекарасын кеңейтедi. Өндiрiс масштабының үлкеюi үшiн жеке шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары жеткiлiксiз, сондықтан қосымша құнның бөлiктерi ағылып несиелiк мекемелерде жинақталады және мәндi көлемге жеткеннен кейiн ұдайы өндiрiстi кеңейту процесiне белсендi әсер етедi. Несие капиталының орталықтануында маңызды роль атқарады. Ол жеке кәсiпорындардың меншiктiң ұжымдық формасына айналуына ықпал тигiзедi.

         Бақылау функциясы. Оның мазмұны өзiне алған мiндеттi уақытында орындалуды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын бақылауға сәйкестендiрiледi. Сондықтан несиелiк процесс уақытында несиелеудiң барлық принциптерiнiң сақталуы бақыланады. Сол арқылы кредиторға қарызды беру туралы және несиелеудiң тәртiбiн қатаңдату туралы немесе қарызды уақытынан бұрын қайтаруды талап ету туралы шешiмдi қабылдай алады.

         Мемлекет жоғарыда айтылған несиенiң функцияларын қолдана отырып банк жүйесi арқылы бар ресурстарды үнемдi қолдануға жетуге, халық шаруашылығы салаларын дамытуға, солай барлық қоғомдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлата алады.

         Несие экономикалық категория ретiнде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бiр объектiлерге тән тұрақты, қажеттi байланыстардың жиынтығын бiлдiредi.

         Экономикалық әдебиеттерде несиенiң негiзi 2 формасы қарастырылады: коммерциялық және банктiк. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттiк, халықаралық, үкiметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.

         Коммерциялық несие-бұл жеткiзушiнiң сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетiлген қызметi үшiн төлемдi кейiнгi қалдыруы. Несиенiң осы формасының объектiсi ретiнде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенiң ерекшелiгi мынада: қарыз капиталы өнеркәсiптiк капиталмен бiрiккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткiзудi жылдамдату. Коммерциялық несиенiң құрылымы версель-жазбаша қарыздық мiндеттеме болып табылады. Ол оның иесiне белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн, борышқордан вексельде көрсетiлген ақшалай соманы талап етуге құқық бередi.

          Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Олардан кейiнгi орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кiредi.

         Банктiк несие- бұл банктердiң, арнайы несие-қаржылық мекемелердiң қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрiнде беретiн несиесi.

         Банктiк несие коммерциялық несиенiң шектеулерiн жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндiрiс саласына берiледi және несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесi өзiнiң бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсiпорнына қарызға бередi.

         Тұтыну несиесi-бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтердi төлеу үшiн коммерциялық және банктiк формада берiлетiн несие. Тұтыну несиенiң негiзгi мiндетi-тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Тұтыну несиесi негiзiнен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезiнде: автомобильдердi, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиi қолданылады.

         Дербес несиелер-бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретiн банктiк қарыздар. Бұл несиелердi көбiнесе жас жанұялар және бiлiм алудың бүкiл кезеңiне қарыздарын 5 жыл iшiнде өтеу үшiн оқуға түскен студенттер алады.

         Ипотекалық несие-жылжымайтын мүлiктердi, жердi, тұрғын үй және өндiрiстiк ғимараттарды кепiлдiкке ала отырып берiлетiн қарыз.

         Мемлекеттiк несие азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретiнде мемлекет және жергiлiктi билiк органдары болатын несиелiк қатынастар жиынтығы.

         Халықаралық несие-валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.

         Несиенiң түрлерi бұл белгiлi бiр түрдегi экономикалық қатынас ретiнде несиеден келiп шығатын белгiлi бiр қасиеттерге ие оның бiр түрi.

         Несие түрлерi төмендегiдей жiктеледi:

  1. Мерзiмдерi бойынша: а) қысқа мерзiмдi(1 жылға дейiн); ә) орта мерзiмдi(1 жылдан 3-5 жылға дейiн); б) ұзақ мерзiмдi (3-5 жылдан жоғары)
  2. Несиелеу объектiлерi бойынша: а) негiзгi қорларға берiлетiн несие;ә) айналым қорларына берiлетiн несие.
  3. Несиелеу әдiстерi бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу; ә) айналым бойынша несиелеу. Мысалы, тұтыну несиесiнiң түрлерi тауарлы және ақшалай болуы мүмкiн.

Қазақстанда несиелердiң келесi түрлерi дамыған:

  1. Ұлттық Банктiң несиелерi:

­-аукциондық- ұлттық банктiң ақша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екiншi деңгейдегi банктерге аукциондық негiзде, республика банктерiнiң 1 айдан 3 айға берiлетiн қысқа мерзiмдi несиелерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатындағы берiлетiн несие;

-ломбарттық- ұлттық банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздарды кепiлге ала отырып, жоғары пайызбен берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң түрi.

-бюджеттiк-ұлттық банк ЅР Ѕаржы Министірлiгiне қайтарымдылық шартымен беретiн несиесi:

  1. Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерi:

-өз айналым қаражаттарының жеткiлiксiздiгiн уақытша толықтыруға;

-күрделi жұмсаулымдарды қаржыландыруға;

-импорттық бойынша котрактiлердi төлеу үшiн берiлетiн импорт;

-импотекалық;

-несиелiк желi негiзiнде- қарыз алушының бiрiншi талап етуi бойынша және белгiлi бiр кезең бойында келiсiлген лимит шегiнде оған несие беру туралы банктiң заңдық рәсiмделген мiндеттемесi;

-консорциялық- несиелiк, кепiлдiк немесе басқа да банктiк операцияларды бiрiгiп жүзеге асыру үшiн қандай да бiр iрi банктiң қамқорлығы мен уақытша бiрлескен екi немесе одан да көп банктер беретiн несие, бұл кезде бiр банктiң мүмкiншiлiгi қандай да бiр себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргiзуге жетпеуi мүмкiн;

-тұтыну мақсаттарына;

-банкаралық.

Банкаралық несиелердiң негiзгi көлемi ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сатуда арқылы ұсынылады. Негiзгi кредитор ретiнде iрi банктер (Халықтық банк, Казкоммерц банк) болады.

               1.3.Банктiк несиенiң принциптерi

Несие-бiр заңды тұлғаның екiншi бiр заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келiсiлген мөлшерде пайыз немесе өсiм алу үшiн белгiлi бiр уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесi болып табылады.

         Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктiк болып екiге бөлiнедi.

         Коммерциялық несие-1 субъектiнiң 2-шi субъектiге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемiнiң кейiнге қалдырылуына байланысты туындайды.

         Банк несиесi-субъектiге ақша қаражаты түрiнде өндiрiсiн ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерiне байланысты қарыздарын төлеу үшiн берiледi.

         Банктiк несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиенi қолдану өрiсi кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етедi, ал банктiк несие қоғамының барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етедi.

         Банктiк несие әмбебап болып келедi, өйткенi банк арқылы қайта бөлiнген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелiк оның жедел даму себебi қызметiн атқарады.  Қарыз мәмiлесiнiң дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсiптiк капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктiк мекеме кредитор ретiнде көрiнедi.

         Кредитор ретiнде банктердiң несиелеу үшiн белгiлi бiр шарттармен тартылатын ресурстарға мұқтаж болады. Банк арқылы меншiктi және тартылған ақша қаражаттары банк несиесi келiсiм шартына сәйкес клиент шоттарында орналасады және қайта бөлiнедi. Сонымен қатар тартылған ресурстармен бөлу несие ретiнде болса, онда банк қарыз алушы ролiнде болады. Сол сияқты депозиттер мен клиент шоттарындағы қаражаттар болса, онда банк ақшаны сақтаушы және оларды қайтаратын кепiл ролiнде болады. Қарыз алушыдан төленетiн несие үшiн төлем, банк үшiн пайданың қалыптасу көзi б.т. Сондықтан банк пайыз ставкаларын максимумдеуге бағытталады. Пайыз ставкаларын шектеушi болып несиеге орташа нарықтық пайыз ставкалары табылады.

         Шаруашылық субъектiсi банк мекемесiнен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттiлiгiн, оны уақытында қайтарудың мүмкiншiлiгiн, әрбiр коммерциялық банктердiң несие беру, өтеу, өсiм процентi ставкалармен және басқадай талаптармен танысып алдын ала шешiп алуы қажет. Банктер әдетте несие сұраушы субъектiнiң өтем қабiлеттiлiгiмен өтемпаздығын мұқият тексередi. Несиенiң объективтi қажеттiлiгi  — бұл, субьектiнiң өндiрiстiк және сауда айналымы капиталының жетiспеушiлiгiнен туындайды.

         Банктiк несиенiң принциптерi несиелеу жүйесiнiң негiзгi элементiн құрайды. Олар өндiрiстiк қатынастар түрi ретiнде несие мазмұнын көрсетедi. Сондықтан принциптер объективтi болады. Принциптердiң объективтiлiгi банк түрiндегi қоғамның несиенiң мәнiн бiлiп, несиелеудiң тиiмдiлiгi жөнiнде ойлап, несие саясатына зиянын келтiрмей кез-келген принциптi жоя алмайды. Несиелеудiң принциптерi қарызға берiлетiн қаражаттардың заңды қозғалысын қамтамасыз етуге щақырады. Кредитор мен қарыз алушының арасындағы қарым — қатынасты несиелеудiң принциптерiн ескермеу қарызға берiлген құнның қайтарылатын негiзiн кетiредi. Несие мекемесiнiң белсендiлiгi несиелiк қатынастар мазмұнын терең танып бiлу негiзiнде ол несиенiң мәнiн ашатын жаңа принциптi тұжырымдайды.

         Банктiк несиелеудiң принцитерi тұрақты болады. Олар тек несиенiң әлеуметтiк – экономикалық мәнiнiң өзгеруiмен бiрге өзгередi.

         Несиелеудiң принциптерi несие мазмұнымен байланысы (осыдан олардың объективтiлiгi) тағы да бiр ерекшелiктi туындатады. Несие мазмұнын жалпы және сонымен оның ерекше белгiлерi де ашады. Егер несиенiң жалпы белгiлерi оның басқа экономикалық категориялармен байланысын көрсетсе, онда ерекше белгiлерi несиенi экономикалық қатынастар жиынтығынан ерекшелейдi. Осыдан принциптердi екi топқа бөлуге болады, жалпы экономикалық және несие мәнiн ашатын деп.

         Жалпы экономикалық принциптерге мақсаттылық және саралау жатады. Несие мәнiн ашатын принциптерге несиенi қайтару мерзiмi, несиелеудiң материалдық қамтамасыз етiлуi, несиенi төлеу жатады.

         Мақсаттылық принципi. Несиенi беру мақсатын барлық несиелеу процесi анықтайды. Кәсiпорынды несиелеудiң әлеуметтiк – экономикалық себебi экономикалық заңдармен анықталады. Несие мақсаты мен несиелеудiң мақсаты тепе – тең емес. Несиенiң мақсаты несиелеу мақсатына қарағанда жалпығырақ категория болып табылады. Ол шаруашылық ұйымдарды несиелегендегi мақсаттарды анықтайды. Жеке категория ретiнде несиелеудiң мақсаты нақты түрде көрiнiс табады. Несиелеген кезде банк қарыз алуға өзiнiң нақты талабын бiлдiретiн нақты борышқормен iс жүргiзедi.

         Несиелеудiң мақсаты – борышқордың қайтарылатын қосымша ақша қаражаттарында қажеттiлiгiн қанағаттандыру болып табылады. Бiрақ, егер несиелеудiң мақсаты тек кәсiпорынның, ұйымның, халықтың несиеге деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру болса, онда ол автоматты түрде борыш қордың кез – келген қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мiндеттi актке айналып кетедi, ал ол несиеге қажеттiлiк туғызатын қаржылық қиындықтардан, сонымен қатар шығындардың көпшiлiгiнен, ресурстарды  тиiмдi қолданбаудан, жеке қаржылық базасының әлсiз болуынан болуы мүмкiн. Бұл несиемен жабылатын қажеттiлiктегi байланыс екi талапқа сай болуы керек. Бiрiншiден, мұндай қажеттiлiктер объективтi мазмұнда болуы керек, яғни несиеге қажеттiлiк өндiрiстiк қорлар айналымымен шеңбер айналымының дұрыс процесiнен пайда болуы керек. Несие қажеттiлiк борышқордың қаржылық қиындығын туғызған жұмысынан болмауы керек. Екiншiден, кредитор несиелеген кезде несиенiң өндiрiс нәтижесiне оң әсерi тигiзетiнiне сенiмдi болуы керек.

         Күнделiктi несие тәжiрибесiнде несиелеудiң мақсаты борышқордың түрлi шаруашылық операцияларды жүзеге асыруымен байланысты. Олар: өнеркәсiпте, саудада, көлiкте тауарлы — материалдық құндылықтарды жинақтау, ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiң шығындары, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, негiзгi құралдарды көбейту мен модернизациялау. Банк мекемелерi несиенi нақты шаруашылық мәмiлелерiн жүзеге асыруға, сонымен қатар ақша қаражаттарының жалпы жетiспеушiлiгiн жабуға да бередi. Олардың негiзгi мақсаты тек борышқордың қажеттiлiгiн қанағаттандыру ғана емес, с.с. несиенiң тиiмдi қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

         Саралау принципi. Бұл принцип банктердiң қарыз алушынық несиенi өтеу қабiлетiне байланысты кәсiпорындарды несиелеуге деген түрлi тәсiлдерi.

         Несиенi қайтару мерзiмi принципi. Құнды жоспарлы қайтарылатын қозғалысы ретiнде несиенiң мазмґны қарызды қолдану мерзiмiн анықтау қажеттiлiгiн шарттайды. Несиелеу мерзiмiнiң экономикалық табиғаты екi түрлi. Бiрiншiден, ол несие қаражаттардың қайтарылатын қозғалысына негiзделген қатынастарды көрсететiнiмен байланысты. Бұл қайтарымның шарты болып тек қана ұсынылған қаражаттарды қайтарудың жалпы талабы ғана емес, сонымен қатар қайтарымның нақты мерзiмiн анықтау болуы мүмкiн. Карл Маркс айтқан:”Несие тек құнның табысталуы бiржақты және мерзiмдi болғанда ғана жүзеге асырылады”.

         Екiншiден, несиелеу мерзiмi несие есебiнен ғана қаттандырылатын қажеттiлiктерден туындайды.

         Несие мерзiмi бiр жағынан уақытша пайдалануға берiлген қаражаттарды босату мерзiмiнен шартталған. Кредитордың ресурстарының қысқа мерзiмдiлiгi борышқор пайдалынатын қарыздың мерзiмiн шектейдi. Несие мерзiмi қарызды алған уақыттан бастап, оның қайтарылуына дейiнгi уақытқа дейiн есептеледi. Қарызды жабу шаруашылық айналымының қаражаттарының босатылуымен, капитал шеңбер айналымының аяқталуымен қамтамасыз етiледi. Несие мерзiмi- бұл банктiң тауарлы- материалдық құндылықтар мен шығындарды несиелеу қозғалысымен байланысты бекiткен қарызды қолдану мерзiмi.

         Несиелеудiң материалдық қамтамасыз етiлуi принципi. Бұл принцип материалдық процестiң – кәсiпорынның өндiрiстiк қорларының айналымы мен шеңбер айналымынан несиелеудiң тығыз тәуелдiлiгiн ашады. Бұл жағдайда несиелеу материалдық құндылықтар мен шығындардың қозғалысымен қаржыланған процесс ретiнде көрiнедi.

         Несиелеудi төлеу принципi. Бұл әрбiр борышқордың банкке қарыз үшiн белгiлi бiр төлемдi төлеуi тиiс жөнiндегiнi бiлдiредi.         

1.4.Банктiк несиенiң жiктелуi.

         Банк несиелерiн несиелеудiң мақсаттылығына, қарызданушылардың типiне және қызмет ету санасына байланысты бiрнеше топтарға жiктеуге болады.

         Төменде әлемдiк тәжiрибеде банк несиелерiн жiктеудiң негiзгi критерийлерi ұсынылған:

  • борышқорлар типiне байланысты;
  • қолдану типiне байланысты;
  • қамсыздандыру, сипатына қарай;
  • қолдану жағдайларына байланысты;
  • несиенi өтеу әдiстерiне байланысты;
  • пайыздық мөлшерлеменiң сипатына қарай;
  • пайызды төлеу әдiсiне қарай;
  • несие валютасына қарай;
  • несиелердiң санына қарай;
  • несиенi өткiзу шарттарына қарай;
  • несиелердiң объектiсiне қарай;

Жоғарыда келтiрiлген банк несиелерiнiң топтарын жекелеген сипаттарына қарай ашып қарастырайық.

1)Банк несиелерiн борышқорлардың типiне қарай жiктеу банк тәжiрибесiнде кеңiнен таралған. Банк несиелерiнiң осы түрлерiнiң әрқайсысына сипаттама берсек, сауда-өндiрiстiк кәсiпорындарға несиелер кәсiпорынның айналым және негiзгi капиталдарын толтыруға капиталды шығындарды жабу көзi ретiнде де қолдануы мүмкiн. Қысқа мерзiмдi несиелердi жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, сауда-жабдықтау, дайындау салаларындағы кәсiпорындар кеңiнен пайдаланылады.

Ипотекалық несиелер құрылыс фирмаларына құрылыс цикл процесiне аралық қаржыландыру нысаны ретiнде берiледi. Шетел тәжiрибесiне ипотекалық несиелер арнайы қаржы-несие ұйымдарынан алынған ұзақ мерзiмдi несие арқылы өтеледi.

         Ипотекалық несие категориясына сонымен қатар жеке тұлғаларға жылжымайтын мүлiк сатып алуға кепiлдiк бойынша ұсынылатын несиелер жатады.

         Банктiк ипотекалық несиелердiң ерекшелiктерi келесiден көрiнедi:

-несие беруде салыстырмалы төмен тәуекелдiлiк, өйткенi бұл жылжымайтын мүлiкпен қамтамасыз етiлген.

-ұзақ мерзiмдi сипатқа ие.

-банк үшiн бұл несиелер тұрақты клиентураны қалыптастырады.

-банк өзiнiң несиелiк портфелiн диверсификациялауға мүмкiндiгi бар.

         Ауылшаруашылық несиелерi ауылшаруашылығы кәсiпорынына мал және өсiмдiк шаруашылығына мерзiмдiк шығындарды қаржыландыруға ұсынылады, оның iшiнде тұқым дайындау, жұмысшы күшi және жанар-жағар май, жанұяны қамтамасыз етуге мал сатып алу, т.б. Ауылшаруашылық несиелерi салыстырмалы аз мөлшерде болып, егiнмен, ауылшаруашылығы техникасымен, малмен қамтамасыз етiледi.

         Ауылшаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтарды алуға банктiк несиелер орта және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие болады, яғни несие ұсыну кепiлдiкпен қамтамасыз етiледi. Шетел тәжiрибесiнде кепiлдiк ретiнде жылжымалы және жылжымайтын мүлiк кеңiнен қолданылады.

         Банк несиелерiн пайдаланушы банктiк емес қаржылық ұйымдарға қаржылық компаниялар, инвестициялық банктер, несие жинақтаушы ассоциациялар, несие одақтарын, сақтандыру компаниялары. Бұл ұйымдар үшiн банк несиелерi нарықтық қордың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады.

         Коммерциялық банктерге несиелер корреспонденттiк қатынастар шеңберiнде банктер арасындағы несие ресустарын қайта бөлу құралы ретiнде қызмет етедi.

         Банк аралық несиелердi қолдану екi жағдаймен шартталады. Бiрiншiден, орталық банктегi коммерциялық банктердiң шоттарында қаражаттардың шамадан тыс артып кетуi орын алып жатады, бұл өз кезегiнде банк рентабельдiлiгiн төмендетедi. Екiшiден, коммерциялық банктердiң ұсынатын несиесiне сұраныстың артуы оларды банк-корреспонденттерден несие алуға итермелейдi.

         Брокерлер мен диллерлерге несиелер талап ету шарттарына сомаларды бағалы қағаздарды сатып алуға берiледi.

         Банктер бағалы қағаздарға несие ұсына отырып, элементтiң қаржылық тұрақтылығына және кепiлдiктiң нарықтық құнына көз жеткiзу қажет. Акция және облигацияға несие ұсынушы банктер әрқашанда өз несиелерiнiң өндiрiстiк мақсатқа қолданылуына және жаңа акцияларды сатып алуға жұмсауы жөнiнде ақпаратпен қамтамасыз етiлiп отыруы керек.

         Шетелдiк үкiмет органдарына несиелер мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабуға, төлем балансын реттеуге және iрi масштабты инвестицияның жобаларды жүзеге асыруға берiледi.

         Шетел банкiлерiне несиелер де iрi инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн ұсынылады.

         Билiк органдарына банктiк несиелер салықтық түсiмдер аралығында ақшаға уақытша қажеттiлiктердi жабуға байланысты берiледi.

         Жеке тұлғаларға банк несиелер тұтыну несиелерi нысанында берiледi. Мұндай несиелер ұзақ мерзiмдi қолдануға тауарлар сатып алу үшiн қолданылады.

         Тұтыну несиелерi соңғы тұтынушы-жеке тұлғалардың қарыздық қаражаттарға қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға ұсынылады, сондықтан бұл несие тұрғындардың өмiр сүру деңгейiн жоғарылатумен тығыз байланысты.

         2) Қолдану мерзiмiне байланысты банктiк несиелер әдетте 4 түрге бөлiнедi-қысқа мерзiмдi-1 жылға дейiн

           -орта мерзiмдi-1-3 жыл

           -ұзақ мерзiмдi-3 ж.жоғары

           -талап етуге дейiнгi несиелер

         Мерзiмсiз несиелердi онкальды деп атап анықталмаған мерзiмге, яғни талап етiлгенге дейiн ұсынады. Мұндай несиелердi борыщқор банктiң алғашқы талабында өтеуi керек. Егер банк талап ету шараларын жүзеге асырмаса, несие борышқордың өз қызығушылығына байланысты қайтарылады.

         3) Қамсыздандыру сипатына қарай банктiк несиелердiң қамсыздандырылған және қамсыздандырылмаған сияқты түрлерге ажыратады.

         Банктiк несиелердi мыналар қамсыздандыруы мүмкiн:

-мүлiктiк кепiлдiк

-кепiлдемелер мен кепiлгерлiк. (поручительство)

-банктiң пайдасына борышқордың үшiншi тұлғаға ұсынған дебиторлық шоттарының, талаптарының, келiсiмдерiнiң көшуi.

-өтелмеген несиелер үшiн борышқордың жауапкершiлiгiн сақтандырушы келiсiм-шарттар

-жол және тауар құжаттарымен, бағалы қағаздармен қамсыздандыру

-вексельмен қамсыздандыру

-өмiрдi сақтандыру шаттарымен қамсыздандыру.

         Келтiрiлген қамсыздандыру түрлерiне сипаттама бере кетейiк.

         Мүлiктiк кепiлдiктер. Қазақстанда кепiлдiк қатынастар ЅР-ның Азаматтық кодексi және ЅР Президентiнiң заң күшi бар “жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы” жарғысына сай реттеледi. Кепiлдiк банкке несие өтелмейiнше мүлiктi иелену құқығын бередi. Несие өтелмеген жағдайда банк келiсiмге және заңға сәйкес мүлiктi өз қажеттiлiгiне жарата алады. Кепiлдiк объектi болып тауарлы-материалдық құндылықтар, жылжымалы мүлiк, жылжымайтын мүлiк, қымбат тасдар мен металдар, егiн, т.б.

         Кепiлдемелер мен кепiлгерлiк. Отандық банктiк тәжiрибеде кепiлдеме мен кепiлгерлiк арасында айырмашылық мынада: егер кепiлдеме заңды тұлғаның мiндеттемесi болса, кепiлгерлiк-банк алдындағы жеке тұлғаның несиенi өтеуi жөнiндегi мiндеттемесi болып табылады.

         Кепiлдемелер мен кепiлгерлiктер борышқорлар арқылы жазбаша түрiнде берiлiп, нотариуспен қорландырылуы тиiс, бұл жағдайда банк борышқордың әл-ауқат жағдайын, сенiмдiлiгiн, абыройына мән бередi.

         Боршқордың үшiншi тұлғаға ұсынған дебиторлық шоттарының, талап, келiсiмдерiнiң банк пайдасына көшуi.

         Борышқор алдындағы басқа үшiншi тұлғаның міндеттемесi банкке өзiнiң несиесiн жабу құрамы ретiнде берiлуi мүмкiн.

­         Өтелмеген несиелер үшiн борышқордың жауапкершiлiгiн сақтандырушы келiсiм-шарттар несие беру кезiнде мiндеттемелердi қамсыздандырушы ретiнде қызмет етуi мүмкiн. Бұл жағдайда 2 iс-әрекет жасалады:

-банк борышқордан несиенi өтемеген жағдайындағы жауапкершiлiгiн сақтандыруды куәландыратын сақтандыру компанияларының басқа да құжаттарды талап етедi.

-банк несие бергеннен кейiн осы соманы сақтандыру компаниясында өз алдына сақтандырып, барлық шығындарды борышқорға аударады.

         Жол және тауар құжаттарымен, бағалы қағаздармен қамсыздандыру. Несиенi қамсыздандырушы ретiнде тауар тиелiмiн растайтын жол және тауар құжаттары бола алады. Оларға коносаменттер мен накладной-жүк құжаттары жатады.

         Вексельмен қамсыздандыру. Банктiк несиелердi вексельмен қамсыздандыру 2 түрде болады: вексельдер есебi-есептiк, дисконттық және қысқа мерзiмдi сипатқа ие банк несиелерiн ұсыну нысаны. Вексельдiк кепiлдiкке несиелер кепiлдiктiң 80%-i мөлшерiнде берiледi. Несие өтелмеген жағдайда вексель банк иелiгiне көшедi.

         Өмiрдi сақтандыру полисiмен қамсыздандыру. Дамыған нарықтық қорғанысы бар елдерде банктер несиенi қамсыздандыруға өмiрдi сақтандыру полистерiн қабылдай бередi.

         4) Қолдану жағдайларына байланысты банк несиелерi бiр жылғы және қайта жаңартылатын болып келедi.

         Бiр жылғы несие жағдайында несие беру өз бетiнше, және басқа несие операцияларынан заңды оқшауланған түрде жүзеге асырылады. Қайта жаңартылатын несие жағдайында банк пен борышқор арасында ұзақ мерзiмде қатынаста берiлiп,  несие шегi енгiзiлiп, ортақ уақыты көрсетiледi.

         5) Несиенi өтеу әдiсiне қарай мынадай түрлерi ажыратылады:

         -Пропорцияналды өтелетiн несиелер, яЈни несие негiзгi қарыздың бөлшектерiне сай белгiлi мерзiм бойында өтелiп отырады.

         -Прогрессивтi әдiс. Бұл жағдайда несие өтеу сомасы өсiп отырады.

         -Бiр уақытта өтелетiн  несиелер, яғни несие бiр мерзiмде өтеледi.

         6)Пайыздық мөлшерлеменiң сипатына қарай банктiк несиелердiң екi түрi ажыратылады.

         -тұрақты пайыздық ставкалы несие

         -қалқымалы пайыздық ставкалы несие

         Тұрақты пайыздық ставка несиелеудiң мерзiмi бойына өзгерiсiз қалады. Банктер пайда алу тәуекелдiлiгiнiң төмендеуiне байланысты қалқымалы % ставка қолданылады.

         7)Пайызды төлеу әдiсiне қарай банктiк несиелер:

         -қарапайым несие

         -дисконтты несие болып бөлiнедi.

         Қарапайым несиелерге қарағанда дисконттық несиелердiң мынадай түрлерi бар:

         -бiр банк арқылы ұсынатын несие синдикатталған (консорциалды) несиелер

         -параллельдi несиелер

         Қазiр де бiр банк арқылы ұсынылатын несиелер кең таралған. Алайда кейде несие беруде бiрнеше банктердiң қосылуы қажет болады. Бұл жағдайда арасында бiр банк мэнеджер, яғни бастаушы банк болады. Параллельдi несиелер екi банктен көп банктер арқылы берiледi. Консорциалды несилерге қарағанда параллельдi несиелердi ұсынушы банктер әрқайсысы өз бетiнше жұмыс iстейдi, тек келiсiм орындалғаннан соң ортақ шоттарға сай несие келiсiм-шарты құрылады.

         Несиенi өткiзу шарттарына сәйкес:

         -қолма-қол несиелер (борышқордың шотына аударылады)

         -акцептiлiк несиелер (банк траттаны акцептiлеуге келiседi)

         Несиелеудiң обьектiсiне байланысты:

         -Айналым қорларына шығындарды жабу

         -Негiзгi қорларға шығындарды жабу

         -Сыртқы экономикалық қызметке шығындарды жабу.


  1. Қазајстан Республикасының экономикалық жағдайына банктiк несиенiң объективтiк қажеттiлiгi.

2.1.Банктiк несиенiң экономикаға тигiзетiн ықпалы.

         Қазiргi уақытта Қазақстандағы банк сферасы-бұл экономиканың ең динамикалық дамушы секторларының бiрi. Бiздiң республикада 2 деңгейлi банк жүйесi бар. Бiрiншi деңгейде мемлекеттiң орталық банкi болып табылатын Қазақстан Республикасының ұлттық банкi, ал екiншi деңгейде-коммерциялық банктер жатады. Соңғылары бұрын қатаң түрде реттелген, ал қазiр дербестiк алып күшейтiп бара жатқан банкаралық бәсеке жағдайында қызмет етiп отыр. Дағдарыс құбылыстары мен инфляциялық процестердi жеңумен байланысты Қазақстан экономиканың қазiргi проблемалары банк жүйесiнiң одан арғы дамуы мен жетiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндi бiлдiредi.

         Қазiргi банктер клиенттерi кең ауқымда   қызмет көрсетедi, банк операцияларының жаңа техникасын қолданады, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етедi. Банктердiң негiзгi экономикалық функциясы – жеке тұлғалардың, мемлекеттiк органдарды, кәсiпкерлiк фирмаларды, ұйымдарды, кәсiпорындарды тұтынушылық және инвестициялық бағытта қаржылындыруды жүзеге асыратын несиелеу болып табылады. Қаншалықты банктер өздерiнiң несиелiк қызметiн жақсы атқарса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайы да жақсы болады. Себебi банк несиелерi жаңа кәсiпорындардың ашылуына септiгiн тигiзедi, жұмыс орындары санының көбеюiне әкеледi және олардың экономикалық өмiрге икемдiлiгiн қамтамасыз етедi.

         Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жағдайында несиенiң негiзгi нысаны болып банк несиесi саналады, яғни түрлi типтегi коммерциялық банктердiң ұсынатын несиелерi.

         Банктiк несие – бұл банктiң қарыз берушiмен немесе қарыз алушымен сәйкес ұсынатын немесе тартылатын несиесi.

         Банктiң несие мәмiлесiне қатысуы несиенiң ақшалай нысанының дамығанын көрсетедi. Банк – бұл маманданған несиелiк ұйым. Оның негiзгi қызметiнiң түрi несие беру болып табылады. Сондықтан банк кредитор мен қарыз алушы үшiн ең қолайлы жағдайларды қалыптастыруға максималды бейiмделген. Дамыған банк инфрақұрылымы банк несиесi мен несие нарығының тиiмдi қызмет етуi үшiн қажет. Банктердiң техникалық жабдықталу деңгейiнiң қаншалықты жоғары болса, соншалықты дамыған болар едi.

         Банк несиесi саласында несиелiк қатынастардың субъектiсi кәсiпорындар, ұйымдар, тұрғындар, мемлекет және банктердiң өздерi болып табылады.

         Ақшалай нысанда ұсынылған банк ссудасы банк пен қарыз алушы арасындағы нақты несиелiк қатынастарды көрсетедi. Бұл экономикада уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру және оларды шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ұсынумен байланысты.

         Республикада банктердiң қызметi түрлi факторлардың әсерiнен қалыптасқан қиын жағдайларда жүзеге асырылып жатыр. Мысалға, инфляция, төлем дағдарысы, төлем балансының дефицитi сияқты, т.с.с. Осы факторлардың әрқайсысы банктердiң несиелеу қызметiне керi әсерлерiн тигiзедi. Осыдан төмен дағдарысы несиелiк қарызды жабу мүмкiндiктерiнiң төмендеуiмен қоса жүредi. Инфляция ұсынылған қарыздардың құнсыздануына әкеп соқтырады. Банктiк несиелеудiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiң экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

         Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты және Қазақстан экономикасының салыстырмалы тұрақтылығында коммерциялық банктер несиелеу сферасындағы қызметiн көбейтiп жатыр. Сәйкесiнше қамтамасыз етiлген несиелерде көбейедi. Мысалға, “ТұранӘлемБанкiнiң” 01.09.2001 жылғы берiлген көрсеткiштерi кепiл бойынша 162324 мың теңгенi құрады, 2000 жылы ол 33202 мың теңге болған, ал 2002 жылда 1271312 мың теңге болды.

         Несиенi қамту ретiндегi депозиттердiң қолданылуы 2001  жылы 2000 жылға қарағанда азайды, 2000 ж.-286 мың тг., 2001 ж.-147 мың тг.

         Кепiлдiктер бұрынғыдай банктерде үлкен сенiмге кiрмеген: 01.09.2000 жылғы берiлгендерге қарағанда кепiлдiктер 29781 мың тг., ал 2001 жылы-31814 мың тг. болды. 2002 жылы кепiлдiктер-300000 мың тг. болса да олардың үлес салмағы көбеймеген (18,2%).

         Халықтық тұтыну тауарларының үлесi тез көбейiп кеттi: 2000 жылы-3642 мың тг., 2001 жылы-11770 мың тг. және 2002 жылы-72748 мың тг. (4.4%). Осының бәрi “ТұранӘлемБанкiнiң” банк несиенiң қайтарымдылығын қамтамасыз етуде кепiлдi пайдаланғанды жөн көретiнi көрiнiп тұр.      

2.2. Банктiк несиелеудiң өзектi мәселелерi мен даму перспективалары.                    Банктiң несиелiк қызметi оны банктiк емес ұйымдардан ерекшелендiретiн негiзгi критерийлерiнiң бiрi болып табылады. Әлемдiк тәжiрибеде банктiң пайдасының маңызды мөлшерi несиелеумен тiкелей байланысты.

         Қазiргi таңда несиелеу негiзiнен қысқа мерзiмдi сипатқа ие болып отыр, бұл республикадағы экономикалық тұрақсыздыққа байланысты банктердiң пайда алуын қысқа мерзiмде ғана жүзеге асырылуымен түсiндiрiледi. Ал борышқорларға қысқа мерзiмдi несие жетiспеушiлiктер орнын уақытша толтыруды салыстырмалы төмен пайыздық ставка арқылы қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, борышқор үшiн маңызды аргумент болып, борышқорларға салықтық жеңiлдiктердiң ұсынылуы, яғни, салық заңнамаларына сәйкес, банкке төленетiн төлемдер шығындарға жатқызылуы табылады. ЅР-дағы барлық несие салымдарының 50% астамы қысқа мерзiмдi несие үлесiне тиедi, оның iшiнде экономиканың сауда секторына –1/3, өндiрiстiк секторға –1/4 бөлiгi тиесiлi. Бұл сауда операцияларының өндiрiстiк саладағыға қарағанда айналымдылығы мен рентабельдiлiгiмен түсiндiрiледi.

         Қазiргi таңда несиелеудiң негiзгi мақсаттары болып: айналым қаражатын толықтыру, негiзгi қорларды жетiлдiру сонымен қатар азаматтардың тұтынушылық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру табылады.

         Қысқа мерзiмдi несиелер өзiнiң пайдалылығына қарамастан экономикалық тұрақсыздық жағдайында жоғары тәуекелдiлiктi келiсiмдер болып табылады. Қазiргi кезде банктерге несиелердiң  кеш өтелуi, кейде тiптi өтелмеуi орын алып жатады. Бұндай мәселелердiң туындауына жол бермеу үшiн бiрiншiден клиенттiң несие қабiлеттiлiгiн терең, толық зерттеп, талдау қажет. Екiншiден, клиенттiң құқықтық статусын талдап, ұсынылатын құжаттардың тұп нұсқалығына көз жеткiзу керек, ол үшiн әрдайым құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс iстеуi қажет.

         Сонымен қатар, клиенттiң менеджементiк талдау маңызды, өйткенi несиенiң өтелмеу жағдайлары басқарушының қабiлетсiздiгiне, нашар менеджмент әсерiнен туындауы мүмкiн. Борышқордың несие қабiлеттiлiгiне талдау жасауды жақсартуға болар едi, егер бiзде клиенттердiң несие қабiлеттiлiгi туралы ақпарат жинау жүйесi дұрыс дамыған болса. Мысалы, Францияда клиенттердiң алған және өтемеген несиелерi жөнiнде ақпараттарды жинақтаумен айналысатын тәуекелдiктiң орталық қызметi жұмыс жасайды. Әрбiр банк борышқор жөнiнде ақпарат алу үшiн, осы ұйымымен байланысады.

         Осы секiлдi жүйенi елiмiзде енгiзудi жүзеге асыру керек. Бұл жағдайда коммерциялық банктер өз клиенттерi туралы ақпарат алуы үшiн телекоммуникациялық жүйе арқылы берiлгендер базасына тiкелей шығып, санаулы секундтарда өзiне қажет клиенттiң қаржылық жағдайлары туралы ақпараттарды ала алады.

         Негiзiнен, бұндай жүйенi ЅР-да енгiзу бұрын қолға алынған. Американдық “Дан энд Брэдстрит” корпорациясы Қазақстан нарығына шығып, коммерциялық банктерге қызмет түрлерiн ұсынуды ойлайды. Алайда, бұның бәрi үлкен бiр проблемаға келiп тiрелдi: коммерциялық банктердiң клиенттерi  кәсiпорындар мен ұйымдар өздерi туралы ақпарат беруден бас тартты. Дамыған елдерде компанияға бұндай ақпарат ұсынудан бас тарту компанияның терiс, жағымсыз жақтарын көрсетедi. ЅР-да кәсiпорындар өздерi туралы ақпаратты ұсынуға қорықса, аталған ақпараттық жүйе енгiзiлмесе, несие тәуекелдiлiктерi жоғарылай бермек. Бұл жағдайда ЅР-да дамыған өркениеттi нарықта қалыптастыру үшiн, заң органдарын тартып кешендi iс-шаралар жүргiзу керек.

         Бұндай жетiспеушiлiктiң тағы бiр себебi несие келiсiм- шарттарының экономикалық жетiлмегендерi болып табылады. Егер несие өтелмеген жағдайда сот процисiнiң өзiнде келiсiм- шарт бойынша несиенi қайтарып алу көп жағдайда бола бермейдi, өйткенi борышқорды iздеп таба алмайды немесе негiзгi қарызды және пайыздық төлемдерді өтеуге нақты қаржы көздерiнiң жоқ болуы мүмкiн. Көптеген несиелiк келiсiм-шарттар заңды түрде нашар құрылған, кейде оларға жауапты емес тұлғалар қол қойып жатады. Дамыған елдерде несиелiк келiсiм-шарттар екi жақтың мiндеттемелерi мен құқықтарын реттейтiн маңызды құжат болып табылады.

         Келесi проблема — ЅР-ғы кепiлдiк механизiмнiң дұрыс жетiлмегендiгi, мысалы, мүлiктiк кепiлдiкке қолдану тұрақты заңшылар болмағандықтан кең таралмаған. Кепiлдiк келiсiмге сәйкес. Кредитордың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру кепiлдiк мүлiктiң құнына сай болады. Егер борышқордың кепiлдiк мүлкiнiң құны несиенi өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, банк пайыздар мен өсiмақыларды ескере отырып, борышқордың басқа мүлiктерiн иелену құқығына ие болады. Алайда кәсiпорын банкрот болып қалған жағдайда банкке ештеңе де тиiсiлi болмай шығады. Бұл кепiлдiк құқықтың негiзгi принциптерiнiң бiрi-кепiлдiк қажеттiлiктердi басқа кредиторлар алдындағы қажеттiлiктердi қанағаттандыруға қарсы келедi. Бұдан, яғни несие тәуекелдерiн төмендету үшiн, ең алдымен кепiлдiк механизмдi жетiлдiрудiң маңызы арта түспек.

         Бәрiмiзге белгiлi болғандай, банктiк операциялар экономикалық өмiрдiң серпiндi және сезiмтал саласы ретiнде жеке-жеке қадамдарды қажет етедi. Көптеген мәселелердiң шешiмiнiң табылуы тек қана тұрақты заңдарға байланысты емес, сонымен қатар банк қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi, бiлiмдiлiгi мен тәжiрибесiне байланысты.

         Жалпы, несиелеу негiзгi принциптерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиiс. Бұл жағдайда несиенiң қайтарымсыздылық тәуекелдiлiгiн төмендету мақсатында қатал тактиканы ұстану маңызды. Еуропа Даму және қайта жаңғыру банкi “Қатал, бiрақ адал!” ұранымен несиелеудi жүргiзедi.

         Бiздiң отандық банктер шоттарында дәл осындай ұран қажет, өйткенi, банк саясаты сенiмдi клиенттердiң жағдайын ойлауға бағытталуы тиiс. Несиелерiн қайтармайтын және қайтаруға асықпайтын борышқорлар банк тарапынан аяушылық күтпей, жеңiлдiктерге ие болуына сенiмiн азайту керек.

         Қорыта келе, бүның барлығы бiздiң банктiк тәжiрибеде дамыған, өркениеттi нарықтық қатынастарды қалыптастыруға, экономиканы реттеудiң қаржылық-несиелiк тетiктерiнiң жетiлдiрiлуiне оң ықпал етедi.

Қорытынды

         Қорытындылай келе мынадай тұжырымдарға келдiм. Несие ұдайы өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен келiп шығады. Несие берiлген сайын ол шаруашылық субъектiлерiнiң өндiрiстiк капиталы ақшалай, өндiрiстiк және тауарлық формаларда болады. Несие және несиелiк қатынастар құн қозғалысы кезiндегi өндiрiс уақыты мен құн айналысы уақыты арасындағы, оның ақшалай шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндiрiсiнде пайдалану қажеттiлiгi арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудiң табиғи процесi ретiнде пайда болған. Бiрiншiден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге дағдарылуын болдырмауға, екiншiден, ұдайы өндiрiстiң үздiксiз жүзеге асуына мүдделi болады.

         Банктiк несие субъектiге ақша түрiнде өндiрiсiн ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерiне байланысты қарыздарын төлеу үшiн берiледi. Банктiк несиенiң принциптерi объективтi болады. Олар жалпы экономикалық және несие мазмұнын ашатын принциптер болып бөлiнедi. Банк несиелерi сауда- өндiрiстiк кәсiпорындарға, ипотекалық, ауыл шаруашылық, банктiк емес қаржылық ұйымдарға, коммерциялық банктерге, брокерлер мен дилерлерге, т.с.с. болып жiктеледi.

         Банктiк несиенiң қазiргi кездегi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

         Қаншалықты банктер өздерiнiң несиелiк қызметiн жақсы атқарса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайы да жағсы болады. Себебi, банк несиелерi жаңа кәсiпорындардың ашылуына септiгiн тигiзедi, жұмыс орындары санының көбеюiне әкеледi және олардың экономикалық өмiрге икемдiлiгiн қамтамасыз етедi.

         Республикада банктердiң қызметi туралы факторлардың әсерiнен қалыптасқан қиын жағдайларда жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, инфляция, төлем дағдарысы, төлем балансының дефицитi сияқты, т.с.с. Осы факторлардың әрқайсысы банктердiң несиелеу қызметiне керi әсерiн тигiзедi. Осыдан төлем дағдарысы несиелiк қарызды жабу мүмкiндiктерiнiң төмендеуiмен қоса жүредi. Инфляция ұсынылған қарыздардың құнсыздануына әкеп соқтырады.

         Бұның бұрынғы бiздiң банктiк тәжiрибеде дамыған, өркениеттi нарықтық қатынастарды қалыптастыруға, экономиканы реттеудiң қаржылық-несиелiк тетiктерiнiң жетiлдiрiлуiне оң ықпал етедi.

         Сонымен банктердiң несиелеумен байланысты қызметiн жақсарту үшiн келесiдей шараларды жүргiзу қажет: жылдық пайыздық ставканы төмендету, несиелеуде кепiлдiк механизмдерiн жетiлдiру, несие қайтымдылығын қамтамасыз етудi жетiлдiру, тұрақты заңдық-құқықтық негiзiн қалыптастыру, т.с.с. Осыларды ұсынамын.      

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Г.С. Сейтјасымов. Ајша, несие, банктер. Алматы. Экономика 2001 жыл.
  2. Ш. Ѕашыјов, О. НґрЈалиев. Экономикалыј теория негiздерi. ЅараЈанды 1997 жыл.
  3. Г.Т. Ѕалиева. Кредитное дело. Алматы. Ѕаржы-Ѕаражат. 1997 жыл.
  4. М.Т. Давлетова. Кредитная деятельность банков в Казахстане. Алматы. Экономика. 2001 жыл.
  5. С.В. Галицкая. Денежное обращение, кредит, финансы. Москва. Международные отнашения. 2002 жыл.
  6. Г.С. Сейткасимов. Банковское дело. Алматы. Ѕаржы-Ѕаражат. 1998 жыл.
  7. О.И. Лаврушина. Банковское дело. Москва. Финансы и статистика. 1998 г.
  8. Е.Ф. Жукова. Банки и банковские операции. Москва. Банки и биржи. 1997 г.
  9. И.Т. Балабанова. Банки и банковское дело. Санкт-Питербург. 2001 г.
  10. А.М. Бабич, Л.Н. Павлова. Финансы. Денежное обращение, кредит. Москва. 2000 г.
  11. Банки Казахстана. Номер 2-2002 г.
  12. Г.Т. Калиева. Коммерческие банки в Казахстане: проблемы устойчивости. Алматы. 1999 г.
  13. О.Ѕ. Шеденов. Жалпы экономикалыј теория негiздерi. Алматы-Ајт†бе. 2001 жыл.
  14. Баймґханов С.Б., Балапанова. Бухгалтерлiк есеп. Алматы. Ѕазај университетi. 2001 ж.
  15. Ѕ.Ѕ. Кеулiмжаев “Ѕаржылыј есеп”. Алматы, экономика, 2001 жыл.
  16. ⅩⅪ ЈасырдаЈы ґлттыј экономиканыЎ даму проблемалары мен тенденциялары. Республикалыј Јылыми конференция материалдары 14-15 јараша 2002 жыл. Алматы.
  17. Статистический бюллетень Национального банка Республики Казахстана. Алматы 2002 г.

   

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!