Байқоңыр ғарыш кешеніндегі 14 нысан бизнес игілігіне беріледі

16:41, 20 сәуір 2017

Байқоңыр ғарыш кешеніндегі кезінде жалға беріліп, қазір босап қалған 14 нысан бизнестің игілігіне берілмек.

Өндірісті өркендетуге қолайлы жерге Жапонияның қаржы институттары ақша бөлуі мүмкін. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев күншығыс елінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесуде осындай ұсыныс жасады. Жапондық делегация аймақтың инвестициялық әлеуетін бағамдап көргеннен кейін әріптестік байланыстарды дамытуды көздеп отыр.  

Итиро Кавабата, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

-Бұл жолғы сапарымыз Қызылорда облысымен және Байқоңыр қаласымен тереңірек танысуға арналды. Басты мақсат -  екі ел арасындағы экономика, ғылым және технология саласындағы әріптестік ынтымақтастықты дамытудың жолдарын бағамдау.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!