Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жарақтандыру жобасы жүзеге асырылуда
Елбасы Жолдауында айқындалған басты бағыт – Қазақстан экономикасының негізгі салаларына инновациялар мен сандық технологияларды енгізу арқылы жаңғырту. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры іске асырып жатқан трансформация бағдарламасының көздегені де осы.
Мұнайлы өңірге арнайы келген компанияның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осы сала мамандарымен жүздесті. Мұнай өндірісі мен өңдеу және тасымалдауда заманауи технологиялар енгізудің тиімділігі мен пайдасы туралы кеңейтілген кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы: «Біз қолданыстағы перспективалық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды жалғастырамыз. Ең алдымен бұл – мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту», – деп атап көрсеткен болатын. Атырау мұнай өңдеу зауытын толықтай қайта жарақтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Қазір екінші кезеңі аяқталды. Жанар-жағармайдың жоғарғы октанды құрамдас бөліктерін және жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіретін кешен салынды.
Денис Козырев, Атырау МӨЗ ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:
-Жарақтандырудың үшінші кезеңінде біз моторлық жанармай өндірісінің көлемін арттыратын мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысын аяқтаймыз. Өндірілетін жанармай Кедендік одақтың техникалық регламентіндегі талаптарға сай К4, К5 экологиялық санаттарына жататын болады. Құрылыстың аяқталуы және іске қосу жұмыстары 2017 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.
Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірістік үдерістерді басқарудың жаңа жүйесі (MES) енгізілді. Мұнай өнімдерін өлшеу және материалдар қозғалысы туралы мәліметтерді сараптауға адами фактордың ықпалын мейлінше азайтады. Бұл автоматтандырылған заманауи жүйе енді басқа компанияларда да енгізілмек.
Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:
-Оның ішінде электр жүйесін басқаратын компания KEGOC, «КазТрансОйл» сияқты, құбырларды басқаратын «Казтрансгаз» секілді қазіргі ұшқышсыз басқарылатын дрондарды пайдалану жөнінде үлкен әңгіме қозғадық.
Осы уақыт ішінде еліміз бойынша 6 ұлттық компанияның құрылымы оңтайландырып, жаңа операциялық модельдер енгізілді. Нәтижесінде 30 мың үдеріс қайта қаралып, ұлттық компаниялардағы басқару сатылары 9-дан 5-ке дейін қысқартылды.
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Атырау облысындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еншілес компаниялары «ҚазТрансОйлдың» батыс филиалы және «ҚазТрансГаз-Аймақ» Атырау өндірістік филиалының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда «ҚазМұнайГаздың» еншілес компанияларына заманауи технологияларды енгізу мәселесі талқыланды.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





