Астананың айырбастау пункттерінде доллар 382 теңгеден сатылды

11:53, 20 наурыз 2019

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,04 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376,28 теңге/$1) ұлттық валюта 1,76 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,51 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,51 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 254 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 164.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 382 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 20 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,4 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!