«Астана Моторс» компаниясы бірінші жартыжылдықта сату көлемін 1,8 есе ұлғайтты

16:36, 16 шілде 2018

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz –  «Астана Моторс» 2018 жылдың  қаңтар-маусымында 6 мың  автокөлік сатты.  2017 жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге көп, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Компанияның 2018 жылға сату жоспарлары 11 мың 783 бірлікті құрайды.

«Астана Моторс» ҚМК 1992 жылдан бастап Қазақстан нарығында автомобильдерді сату және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Қазіргі таңда компания нарықта 11 автомобиль брендін ұсынады. BMW және MINI эксклюзивті импорттаушы Hyundai, Subaru автокөліктерінің және сауда маркасының ресми дистрибьюторы, Алматыдағы және Астанадағы Toyota компаниясының ресми дилері, Астанадағы Lexus, Алматыдағы Jaguar Land Rover, Алматыдағы Volvo, сондай-ақ Алматыдағы Hyundai және MAZ коммерциялық техникаларын құрастыруға арналған автокөлік құрастыру зауытының иесі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!