Астана әуежайының бір бөлігі жалға беріледі

10:00, 19 наурыз 2019

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Үкімет Астана әуежайының бизнес-терминалын жалға беруді жоспарлап отыр.

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ға «Astana Aviation Services» ЖШС-мен жалпы ауданы 2 652,2 шаршы метр бизнес-авиация терминалын жалға беру кем дегенде бір жыл мерзімге пайдалану құқығына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу бойынша мәміле жасауға рұқсат етілсін (кадастрлық нөмір) 21:320:054:330:119)», – делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Қаулы жобасы 1 сәуірге дейін жария талқылауға шығарылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!