Апта соңында теңге әлсіреді

17:49, 22 маусым 2018

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – Қазақстан қор биржасында ұлттық валютамыз бұл аптаны долларға шаққанда құнсызданумен аяқтады.

22 маусым күнгі таңғы және күндізгі сауда қорытындылары бойынша америкалық валютаның орташа бағамы $1 үшін 340,27 теңгеге жетті.

Салыстырмалы түрде айтсақ өткен апта қорытындысы бойынша теңге бағамы $1 үшін 336,39 теңгеге тұрақтаған болатын. Осылайша доллар бір апта ішінде 3,88 теңгеге қымбаттай түсті. Кurs.kz деректері бойынша Алматы мен Астананың айырбастау пункттерінде доллар 340-341 теңгеден сатылуда.

The ICE ақпаратына сәйкес Brent маркалы мұнай барреліне $74,1-дан саудалануда.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!