Apple жаңа Mac Pro сатылымын бастады

14:47, 11 желтоқсан 2019

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — Apple жаңа Mac Pro компьютерін сатуды бастады. Бастапқы конфигурацияда сегіз ядролы процессоры, 32 ГБ жедел жады, 256 ГБ SSD-жинағышы және Radeon Pro 580X бейне картасы бар, ол 5999 доллар тұрады.

Bloomberg-тің айтуынша, қосымша опциялар компьютердің бағасына айтарлықтай әсер етеді — мысалы, жедел жадты 1,5 ТБ дейін арттыру үшін 25 мың доллар қажет. Ең жоғары жиынтықта компьютер 52 мың доллардан асады, деп хабарлайды агенттік.

Apple сонымен қатар 4999 доллар тұратын HDR қолдауымен 32 дюйм диагоналі бар Retina 6K мониторын сатуды бастады. Оған арналған тіреуіш бағасы — 999 доллар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!