«Алтын қалам» әдеби жүлдесіне өтінім қабылдау басталды

17:05, 15 наурыз 2019

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жаңа маусымына жұмыстарды  қабылдау басталды.  

Байқауға қазақ және орыс тілінде жазылған жұмыстар наурыздың 15-нен бастап, қыркүйектің 15-не дейін қабылданады. Оқырмандар қазан айының 1-не дейін дауыс бере алады. Әдеби туындыларды ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmail.com,   kenze2002@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады. Конкурс жайлы толық мәліметті  жүлденің www.akalam.kz ресми сайтында. Сайысқа түскен барлық шығарма аталған сайтта орналастырылады.

Оқырмандар төмендегі аталымдар бойынша дауыс береді: 

1. ДАРАБОЗ. Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер шығармасы

2. Жылдың үздік поэзиясы

3. Жылдың үздік прозасы

4. Есенжол Домбаев атындағы жылдың үздік сатирасы

5. Жылдың үздік фантастика және детектив шығармасы

6. Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы

7. Есенқұл Маманұлы атындағы сыйлық қазақ тілінде жазылған үздік романға беріледі.

Алғашқы кезеңде шығармалар www.akalam.kz веб-сайтында іріктеледі. Оқырмандар өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады. www.akalam.kz сайтындағы онлайын-дауыс беру 6 ай бойы жалғасады. Дауыс беру аяқталған соң, әр аталым бойынша 5 шығарма таңдап алынады. Сайыстың екінші кезеңіне оқырмандар тарапынан ең көп ұпай жинаған шығармалар өтеді. Одан кейін жүлдені ұйымдастырушылар мен жоба серіктестерінен құралған қазылар әрбір номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Өткен жылдардағыдай сайыс барысында шығарма авторлары көрсетілмейді.

Есенқұл Маманұлы атындағы бас жүлде – 1 000 000 (1 млн) теңге қазақ тілінде жазылған үздік романның авторына бұйырады. Сонымен қатар балалар әдебиетіне арналған “Дарабоз” байқауының жеңімпазына – 1 000 000 (1 млн) теңге беріледі. Қаржылай сыйлықтарды  «ZHERSU»  инвестициялық-өндірістік корпорациясының жетекшісі Бауыржан Оспанов тағайындап отыр.  

«Алтын қалам 2019» әдеби жүлдесі жеңімпаздарының есімдері күзде өтетін  марапаттау шарасында жарияланады. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!