Алтын бағасы төмендей бастады

12:51, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Маусым айындағы алтын фьючерстерінің бағасы бір троялық унциясы үшін 1 272 долларға дейін арзандады.

Investing мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 20 мамырында COMEX-тағы қымбат металдың бір троя унциясы 1 277,15 долларға сатылып, 23 мамырдағы сауда нәтижесі бойынша алтын бағасы 1 272,35 долларға дейін төмендеді.

Ұлттық банктің сайтындағы бүгінгі бір грамм алтынның құны 15,5 мың теңгені құрайды.

Өз кезегінде, COMEX-те күмістің троялық унциясы 14,4 долларға дейін, ал мыс — бір фунт үшін 2,6 долларға дейін арзандады.

Айта кетейік, мамыр айының басында бағалы металл троялық унция үшін 1288 доллар белгісінен асып түсті.

Сонымен қатар сарапшылар 2019 жылдың II тоқсанында алтын мен күмістің құны төмендейді деп болжап отыр. Олар мұны демалыстармен және саяси шиеленістің әлсіреуімен байланыстырды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!