Алматы тауларынан әлі мектепке бармаған 8 жасар бала табылды

11:17, 16 тамыз 2019

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Алматы полицейлері жақын маңда мектептің жоқтығынан сауат ашпаған 8 жасар баланы тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біздің бөлімнің ювеналды полициясының қызметкерлері 2011 жылы туылған К. атты ер баланы тапты, ол бүгінгі күнге дейін орта мектепте бармағна. Қыркүйек айында бала кем дегенде екінші сыныпқа баруы керек, бірақ ол әлі мектепті көрмеген. Ол ұзақ уақыт бойы ата-анасымен Алматы облысы, Талғар ауданы аумағындағы таулы жерлерде тұрып, мектептердің жоқтығына байланысты оқу үдерісімен қамтылмаған», — Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Еркін Амантаев.

Қазіргі таңда бала Түркісіб ауданындағы әжесімен бірге тұрып жатыр.

«Ол міндетті түрде мектепке тағайындалады және бірнеше күннен кейін алғаш рет оның табалдырығын аттайды. Тиісті өтініш аудандық білім бөліміне жіберілді. Айтпақшы, кішкентай бала өте ақылды, көпшіл, дені сау және көп нәрсені үйренгісі келеді. Ювеналды полиция бөлімінің жеке құрамының бірауыздан шешімімен балаға мектепке дайындалуға қажетті көмек көрсетіледі: құрал-жабдықтар мен материалдарды алуға көмектесеміз », — деді Еркін Амантаев.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда оқумен қамтылмаған балаларды анықтайтын «Каникулы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының кезекті кезеңі өтіп жатыр.

Сонымен бірге, полицияның хабарлауынша, «Мектепке жол» акциясы аясында инспекторлар қиын жағдайдағы балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!