Алматы облысының полицейлері ауылдасына ауыр жарақат салған күдіктіні ұстады

15:50, 18 қыркүйек 2019

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы облысының полицейлері бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты ауылдасына пышақ жарақатын салды деген күдікпен ұстады.

Оқиға 15 қыркүйек күні Сарқан ауданының Екіаша аулында орын алған. Екі тұрғынның арасында болған жанжал біреуінің ауыр дене жарақатын алумен аяқталды. 33 жастағы азамат ауруханаға пышақ жарақатымен түсіп, екіншісі белгісіз белгісіз бағытта із суытқан.                  

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес «Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, аталған қылмысқа қатысы бар күдіктінің мекенжайын анықтау мақсатында тиісті шаралар қабылдады.

«27 жастағы күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол туралы нұсқама барлық полиция бөлімшелеріне жолданды. Жедел топ күдіктінің соңына түсіп, оны Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Қазіргі уақытта күдікті Сарқан қаласына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу ісі жергілікті полицейлердің өндірісінде», — деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.                                       

Атап өту қажет, полиция қызметкерлері қылмыс құралы болған пышақты іздеп тапты және қылмыстық оны айғақзат ретінде іс материалдарына тіркеді. Зардап шеккен ер адам әлі күнге дейін дәрігерлердің бақылауында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!