Алматы мен Нұр-Сұлтанда әуе рейстері кешігуде

16:55, 10 желтоқсан 2019

Алматы. 10 желтоқса. 7kun.kz — Алматы мен Нұр-Сұлтандағы әуе рейстерінің кейінге шегеріліп, тоқтауына ұшақтардың кешігіп келуі мен ауа-райының қолайсыздығы себеп. Бұл туралы әуежайлардың баспасөз қызметтері хабарлады.

Екі қалада 20-ға жуық рейс кейінге шегеріліп, 15-і тоқтаған.

Алматы әуежайы ИКАО-ның III санатты сертификатына ие. Сондықтан көру қашықтығы 75 метрге, ұшу қашықтығы 125 метрге дейін төмендесе де ұшақтарды қабылдай алады.

Алайда, ұшақ пен экипажда ИКАО-ның III санатты сертификаты болуы керек.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!