«Алматы Марафонға» 17 мың адам қатысты

20:15, 21 сәуір 2019

Алматы. 21 сәуір. 7kun.kz — Алматыда әлемнің 53 елінен 17 мың адам қатысқан «Алматы марафон» жаппай жүгіру шарасы өтті.

Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық шараны Алматы әкімі Бауыржан Байбек ашты.

Дәстүр бойынша бірінші болып үш шақырымдық жарыс жолына 10-14 жас аралығындағы балалар шықты. 1000 баланың арасынан ұлдар арасында Доминик Боловинцев пен қыздар арасынан Рима Гранкина бірінші болып келді.

Бұдан кейін 42, 21, марафондық экиден (42 шақырым), 10 шақырым мен скиндинавиалық жүріске қатысушылар жолға шықты.

42 шақырымдаТашкент қаласынан келген Зикрилло Маматкуловиз 2 сағат 28 минут 34 секундтық көрсеткішпен абсолютті чемпион болды. Зикрилло трасса мен «Алматы марафонның» рекордын жаңартты. Қыздар арасында мәскеулік Александра Каланова (2:42:44) ең үздік болды.

21 шақырымда Бішкек қаласынан келген Илья Тяпкин мен отандасымыз Мария Коробицкая үздік болды.

10 шақырымда Дмитрий Иванчуков пенСветлана Саунина, скандинавиялық жүрісте Асылжан Жанызаков пен Алия Хайруллаева үздік нәтиже көрсетті.

42 шақырымдық марафондық экиденге биыл 113 команда қатысқан. Олардың ішінен Kaspi.kz командасы бірінші орынға ие болды.

Биыл жалпы жүлде қоры 2 940 000 теңге болды, ол 42 және 21 шақырымда үш жүлделі орынға ие болған ерлер және әйелдерге бөілініп берілді.

Жарысқа қатысқан әрбір адамға естелік медалі берілді.

«Биыл сегізінші «Алматы марафонды» өткіздік. Жыл сайын қатысушылар саны көбейіп келеді. Биыл қатысушылар саны былтырғымен салыстырғанда үш мың адамға көп болды. Марафон нағыз спорттық мерекеге айналып келеді», — дейді «Алматы марафонның» директоры Салтанат Казыбаева.

Марафонның басты мақсатының бірі — қайырымдылық. Биыл түскен қаражат үш балалар орталығында спорт алаңын салуға жұмсалады.

Орталық Азиядағы ең ауқымды спорт шарасының демеушісі еліміздегі ең иннивациялық компания Kaspi.kz бас демеуші болды.




Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!