Алматы маңындағы жолдарда көлік қарқыны есептелді
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның Алматы филиалының мамандары жылжымалы жол зертханасымен Алматы облысының аумағында жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Алматы-Талғар-Бәйдібек би тас жолы бойымен бір тәулікте неше көлік жүріп өтетінін metrocount арнайы құрылғысы арқылы санақ жүргізді. Яғни, 24 сағат бойы жылжымалы зертхана тас жолдың бойында үздіксіз жұмыс істеді.
Жол бойында жүрген Алматы филиалының инженері Айдар Бейісбековтің айтуынша, мұндай санақ тас жолмен жүретін көлік қарқынын анықтау үшін қажет. Ал оны анықтау арқылы жол бетінің тегістігін, тозу деңгейін есептеп шығаруға болады. Жолмен жүйткіген жеңіл көлік болсын, ауыр жүк көліктері болсын асфальт жабындысына күш түсіріп, тоздырады. Сол үшін мұндай санақ жүргізу жол сапасын бақылау жұмысында өте маңызды дейді мамандар.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





