Алматы халқы 2030 жылға қарай бес млн адамға жетуі мүмкін

16:25, 4 қазан 2019

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Бақытжан Сағынтаев Алматы қаржы форумында сөз сөйледі. Ол Алматы халқының 2030 жылға қарай 5 млн адамға дейін артуы мүмкін деп санайды.

Оның айтуынша, бүгінде қалада Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші ​​компаниялардың үштен бірі жұмыс істейді.

«30-дан астам трансұлттық компаниялар, банктердің бас кеңселерінің 86%-ы, бірлескен кәсіпорындар мен ірі халықаралық ұйымдардың 43%-ы. Алматы-Орталық Азияның ең дамыған мегаполисі, экономикасы 36 млрд доллар», — деді қала басшысы.

Жергілікті билік өмір сапасы мен экономикалық мүмкіндіктері бойынша топ-100 мегаполиске кіру міндетін қойды.

«Қазіргі таңда біз әлемдік жалпы өнімнің 60% құрайтын әлемнің 600 қаласына кіреміз. Алматының халқы және оның маңындағы тұрғындар қазір үш миллионға жақындады, ал 2030 жылға қарай ол бес миллионға жетуі мүмкін », — деп болжайды Бақытжан Сағынтаев.

Алматы бюджеті 500 млрд теңгені құрайды, оның басым бөлігі ағымдағы шығыстарға, қалалық инфрақұрылымды қаржыландыруға және әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалады. «Жаңа Алматы» үш жылдық жоспарын жүзеге асыруға шамамен 800 млрд теңге қажет.

«Бұл бюджеттік және жеке инвестициялар — қалалық бастамаларды жүзеге асыру үшін салықтың өсуін және алматылықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді. Келесі жылдан бастап ШОБ-ті қаржылық қолдау көлемін ағымдағы 11,5 млрд теңгеден 30 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деп Сағынтаев жоспарларымен бөлісті.

Оның айтуынша, әлеуетті инвесторлар үшін перспективті бағыттар тауарларды өңдеу және қайта өңдеу, көлік-логистикалық қызметтер, туризм болуы мүмкін. Сондай-ақ, шығармашылық салада жаңа өндірістер құру үшін үлкен әлеуетке ие креативті экономикаға ерекше назар аудару қажет.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!