Алматы хайуанаттар бағымен өзім айналысамын – Досаев

17:40, 17 маусым 2022

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – Ерболат Досаев Алматы хайуанаттар бағының мәселелерімен жеке өзі айналысуға уәде берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алматы хайуанаттар бағымен жеке өзім айналысамын. Біз оны халықаралық деңгейге көтереміз. Ол жаққа бала кезімде өзім баратынмын, сосын балаларым да барды. Әртүрлі жобаларды қолға алатын уақыт келді. Кәсіпкерлермен келісіп, бір кездері оларды демеушіліке шақырдық, бірақ түрлі себептермен олар кетіп қалды. Қазір жақсы ветеринарлар мәселесі, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен айналысатын боламыз»,  – деді Досаев.

Сонымен қатар әкім хайуанаттар бағын Алматының маңызды нысандарының біріне айналдыруға ниетті екенін айтты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!