Ақышев: Зейнетақы қорының салымшыларына таңдау еркін береміз
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарылуындағы кемшіліктерді жоюға уәде берді.
Орталық банк төрағасы: «БЖЗҚ-ның жұмысындағы олқылықтарды реттеп, ішкі бақылау мен ақшаны жарату жүйелерін барынша қатаңдатамыз. Бірақ ең маңызды мәселені шешу керек. Неге халық жинақтаушы зейнетақы қорына сенімсіздікпен қарайды?», — деп сұрақ тастады.
Ол зейнетақы активтерін басқару институттары мен инвестициялау моделін таңдаған әсер ететін бәсекелестік қағидаларын қалпына келтіру керек деп есептейтінін жеткізді.
«Қазір салымшыларда таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары бірден БЖЗҚ-ға бағытталады, олар не қаржыларын басқаратын ұйымды, не инвестициялық стратегиясын таңдай алмайды. Салымшылардың орнына барлық шешімді мемлекет қабылдап, барлық тәуекелді өз мойнына алады. Міне, сондықтан біз президенттің ұсынысымен зейнетақы активтерін жекеменшік я шетелдік компанияларға табыстау жобасын іске асырғалы жатырмыз», — деді ол.
Ұлттық банк төрағасы сөзін аяқтай келе өзін зейнетақы активтері нарығындағы бәсекелестік және салымшыға таңдау еркін беру идеясын жақтайтындардың қатарында екенін айтты.
Дереккөз: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 5 қараша 2026
5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
15:50, 4 қараша 2026
4 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:40, 4 қараша 2026
4 қарашадағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы валюта бағамы
-
15:52, 3 қараша 2026
3 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
11:40, 3 қараша 2026
3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы





