Ақтау битум зауыты Қытайға өзінің алғашқы 60 тонна өнімін экспорттады

15:40, 24 қараша 2017

Алматы. 24 қараша. 7kun.kz — Ақтау битум зауытынан Қытайға 60 тонна көлемінде жол битумының алғашқы топтамасы экспорттауға жіберілді, ҚР Энергетика Министрлігі.

«Қазіргі уақытта Ақтау битум зауыты «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық магистралі, Астана-Павлодар, Астана-Теміртау, Атырау-Ақтау автомобиль жолдарының құрылысы үшін жоғары сапалы жол битумдарын жеткізеді. Бұдан басқа, Ақтау битумы Грузияға, Түркіменстанға және Өзбекстанға экспортталады. Битум зауыты жұмысын бастаған сәтінен 2017 жылдың қазанына дейін компания 20 миллионнан астам салық төледі », — деді «Caspi Bitum» БК-ның бас директоры Чжао Цзиньхонг.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта зауыт инновациялық полимерлі-модификацияланған битум шығарады.

2017 жылдың қаңтарында зауыт Өзбекстанға экспортқа 650 тонна жол битумын экспорттады. Зауытта өндірілетін өнімнің барлық техникалық сипаттамалары бойынша барлық жол және климаттық аймақтарға жарамды екенін атап өткен жөн.

 Шикізатты қайта өңдеу бойынша кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 1 млн тонна мұнайды құрайды. Мұнай «Қаражанбас» кен орнынан «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 220 км ұзақтықтағы мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеткізіледі. Сонымен бірге өндірістің көлемі 406 мың тонна жол және 120 мың тонна модифицирленген битумды құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!