Ақпарат саласындағы инвестициялар 70%-ға өсті

11:01, 19 сәуір 2019

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар–ақпан айларында ақпарат пен байланыс сегментіне салынған күрделі инвестициялар көлемі 10,7 миллиард теңгені құрады жылдық өсім — 69,1%, деп хабарлайды Finprom.

2018 жылдың ұқсас кезеңінде инвестициялар көлемі 6,3 млрд теңге болды.

Саладағы инвестиция көлемі экономикаға салынған күрделі инвестициялардың жалпы сомасының аз ғана бөлігін — 0,8%-ды құрайды. 2018 жылдың қаңтар-ақпанында бұл көрсеткіш 0,3%-ға төмен болды.

Инвестиция көлемі бойынша өңірлік бөліністе Алматы көш бастап тұр — 4,6 млрд теңге, өсім 2 еседен астам. Екінші орында 1,1 млрд теңге салымымен Нұр-Сұлтан, алайда салымдар 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,6%-ға төмендеді. Секторға 1,1 млрд теңге инвестицияны Қарағанды облысы алып келіп, салым көлемін 6,5 есеге арттырды. Бұл өңірлердің үлесіне сектордағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 63,2%-ы немесе 6,8 млрд теңге тиесілі.

Айта кетейік, ақпарат пен байланысқа инвестициялардың негізгі ағыны кәсіпорындардың өз қаражатынан келіп түседі. 2019 жылдың екі айында мұндай инвестициялар 9,9 млрд теңгені құрады, бұл барлық инвестициялық портфельдің 92,5%-ын құрады.

Бұл ретте жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы 593,8 млн теңгеге жетті, ал өткен жылдың осы кезеңінде тек 0,2 млн теңге бөлінді Қарыз қаражаты есебінен келген инвестиция 215,9 млн теңгені құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!