Ақмола облысында жаңа зауыт салынады

09:26, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Ақмола облысында 240 млн теңгенің астық кептіргішін өндіретін зауыт салынып жатыр.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, жоба Астрахан ауданы Жалтыр ауылында жүзеге асырылуда.

«Оның жалпы құны 240 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бір ангардың құрылысы аяқталды. Зауытты іске қосу екі кезеңде жүзеге асырылады», — деді ведомствода.

Нысанды пайдалануға беру кезең-кезеңімен 2020 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Бірінші кезеңді іске қосу 2019 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Кәсіпорынның қуаты жылына 20 бірлікті құрайды. Ведомство хабарлағандай, жобалық қуатқа шығу 2020 жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған.

Сонымен қатар, әлеуетті өткізу нарығы тек Қазақстан ғана емес, Ресей де болуы мүмкін.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!