АХҚО, Atameken Business Channel және Bloomberg серіктес болды

10:48, 18 қаңтар 2018

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Нью-Йоркте үш жақты келісімге қол қойылды. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), Atameken Business Channel және Нью-Йорктегі Bloomberg өкілдері жергілікті уақыт бойынша 12: 30-да үш жақты келісімге қол қойды, деп хабарлайды abctv.kz.

Келісім шарттарына сәйкес, Atameken Business Channel АХҚО-ның ресми ақпараттық серіктесі болады. Келісімнің мерзімі ұзартылу мүмкіндігімен екі жыл. Бастапқыда ҚР-ның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында АХҚО мен Bloomberg арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

2017 жылдың 12 сәуірінде АҚШ-қа жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Нью-Йорк қаласының экс-мэрлері Рудольф Джулиани мен Майкл Блумбергпен кездесті. Келіссөздер барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кездесудің маңызды нәтижесі Астанадағы телеарна мен Bloomberg кеңсесін ашу туралы келісім болды.

«Bloomberg және Atameken Business Channel ынтымақтастығы әлемнің барлық елдеріндегі кәсіпкерлерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабарлауға, елімізде қаражат жинауға және жетекші өңірлік қаржы хабының мәртебесін алуға мүмкіндік береді», – деді АХҚО менеджері Қайрат Келімбетов.

Кейіннен келісімге Atameken Business Channel қосылды.

«Бірнеше минут бұрын Нью-Йоркте біз үшін өте маңызды үш жақты келісімшартқа қол қойылды. Жарты жылдан астам қиын келіссөздер болды. Келісіммен біздің үлкен командамыз жұмыс істеді. Бүгінгі күні бұл жұмыс табысты болды. Мен бәріне рахмет айтқым келеді. Біз «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ABCTV-ті, оның ішінде ресми ақпараттық серіктес ретінде Bloomberg –ті таңдағанына қуаныштымыз. АХҚО-мен ынтымақтастық Орталықтың ақпаратының орыс және қазақ тілдеріне таратылуына мүмкіндік береді. Bloomberg-пен серіктестікке келсек, біздің қызметкерлеріміз ең жақсы мамандардан сабақ алады және Гонконг, Нью-Йорк және Лондондағы Bloomberg кеңселерінде тағылымдамадан өтеді. Осы келісім аясында бизнестік журналистиканың әлемдік көшбасшысымен жұмыс істеу мүмкіндігіміз бар. Бұл бізге сапалы, әрі жаңа деңгейге жетуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – деді «Atameken Business Channel» компаниясының бас директоры Юлия Синчук.

АХҚО аясында посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын коммерциялық заңдар мен Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемдік жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген арнайы юрисдикция енгізілді. АХҚО тәуелсіз коммерциялық және азаматтық дауларды, сондай-ақ халықаралық арбитраждық орталықты басқару үшін сот құрылды.

АХҚО базасында жоғары технологиялық алмасу (AIX) бар. AIX компаниясының стратегиялық серіктестері – Шанхай қор биржасы және NASDAQ. Астанадағы халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдететін экспат орталығы құрылды. АХҚО бір терезе жүйесін, визаларды берудің жеңілдетілген режимін, тіркеуді, жұмысқа рұқсаттарды алуды және басқа да процедураларды ұсынады. АХҚО дамуының негізгі стратегиялық бағыттары капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың байлығын басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар.

Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ын құру туралы конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржы қызметтерінің жетекші орталығын құру.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!