Африкадағы президент сайлауы әлемде алғаш рет блокчейнде өтті

11:34, 16 наурыз 2018

Алматы.16 наурыз. 7kun.kz — Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне мемлекетінде 7 наурызда президент сайлауының алғашқы туры өтті. Дауыс беруге ел азаматтарының 70 пайызы қатысқан. Сайлаудағы дауыстарды санауға әлемде тұңғыш рет блокчейн технологиясы қолданылды. Оны әзірлеуші  Agora стартапы, басшысы Леонард Гаммар, деп хабарлады TechCrunch.

Блокчейн технологиясын қолданып, дауыс беру жасырын түрде жүргізілген. Сондай-ақ, дауыс беру нәтижесімен кез келген адамның сол мезетте танысуға мүмкіндігі бар.

“Сьерра-Леоне даулы таңдау жағдайы орын алғанда сайлаушыларға арнап сенімді ахуал құрғысы келеді. Бұл әсіресе сайлау өткізгеннен кейінгі қоғамның беретін бағасына қатысты. Ел (блокчейн технологиясын қолдану арқылы) дауыс беріп таңдауды легитимизациялауға және оппозициялық партиялар тұрғысынан сынды азайтуға үмітті”-, деді Гаммар.

Agora стартапының басшысы бұл өнімді алдымен басқа да африкалық елдерге, одан әрі әлемге таратуды жоспарлап отыр. Гаммардың сөзінше, блокчейн дауыс беру процесін анық, тексерілген және адал етіп өткізе алатын жалғыз технология.

Сонымен қатар, ел блокчейн технологиясын дауыс беруге енгізу арқасында сыбайлас жемқорлықпен күрес және қағаз бюлетондардан бас тартып, шығындарды азайтуды көздеп отыр. Сьерра-Леонеда президент сайлауының екінші кезеңі 27 наурызда өтеді.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!