2017 жылы ЖІӨ 51 трлн теңгеге дейін өсті

12:33, 19 ақпан 2018

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 51,5 трлн теңгені құрады, деп хабарлады LS.

ЖІӨ өсуі 4 пайызды құрады.

2017 жылы ЖІӨ-де тауарлар мен қызметтерді өндіру үлесі 36,5 пайыз (18,8 трлн теңге) және тиісінше 57 пайызды (29,4 трлн теңге) құрады.

ЖІӨ өндірісінде негізгі үлес өнеркәсіпке тиесілі. Жалпы үлестің 26,5 пайызын (13,6 трлн теңге) иемденеді.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Қазақстанда ЖІӨ 46,9 млрд теңгеге жеткен болатын. Сондай-ақ, бір жылда 1,1 пайызға ұлғайған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!