2019 жылы жеке тұлғалар Халық Банктен Т3,2 трлн көлеміндегі салымын қайтарып алған – сарапшы

11:42, 4 наурыз 2020

Халық банк 2019 жылы жеке тұлғалардың 5% көлеміндегі салымынан айырылды. Бұл туралы  «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Акинов СFO Summit 2020 шарасында С500 рэнкингін таныстыру кезінде айтты, деп хабарлады time.kz-ке сілтеме жасап Kaztag.kz.

5% 3,2 трлн теңге шамасындағы қаражат. Өткен жылы тек Халық банк қана емес ЦентрКредит банк 6%, Т0,56 трлн, «АТФБанк» – 7%, Т0,34 трлн теңге салым жоғалтқан.

2019 жылы жеке тұлғалардың салымы Kaspi Bank – 34%, Т1,5 трлн, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» – 30%, Т0,83трлн және Forte Bank – 11%, Т0,58 трлн өткен.

Ал заңды тұлғалардың салымдарындан Bank of China – 24% немесе Т219 млрд, KassaNova – 25%, Т49 млрд және  AsiaCreditBank – 52%, Т7 млрд жоғалтып, «Сбербанк» (Қазақстан) – 26% немесе Т828 млрд, Forte Bank – 25%, Т676 млрд және Citibank – 23%, Т662 млрд-ке ауысқан.

Сарапшының пікірінше 2019 жылы ең табысты  Kaspi Bank, «Банк Хоум Кредит» пен «Сбербанк» (Қазақстан) болды.

Айта кетейік, аталған материал қазіргі кезде бегісіз себептермен
time.kz, Kaztag.kz сайттарынан өшірілген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!