2018 жылы Қытай 1 млн электркөлігін шығарады

09:31, 20 қазан 2017

Алматы. 20 қазан. 7kun.kz — 2018 жылы Қытайда электрлі көлік өндірісі бір миллион, 2020 жылы үш миллион бірлікке жетуі мүмкін деп мәлімдейді BAIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Сюй Хейи. Бұл туралы Reuters жазды.

Қытай автокөлік өндірушілерінің ассоциацияcы мәліметінше, 2017 жылдың үш тоқсанында 424 000 жаңа көлік құралдары шығарылған. Оның ішінде гибридті көлік 2016 жылдан  40,2% артық.

«Бензинмен жүретін көліктерден бас тарту үшін, ең алдымен электрлі көліктердің танымалдылығы мен нарықтағы үлесі қандай екенін ескеру керек«, — дейді Сюй.

Қыркүйекте Қытай өнеркәсіп министрлігі бензинмен жүретін автокөлікті өндіру және  сатуды тоқтату туралы мәселені қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.

BYD электр көлігін өндіруші компанияның төрағасы Ван Чуанфудің айтуынша, 2030 жылы Қытайдың барлық көлік құралдары электрленуі мүмкін.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!