2017 жылы Қазақстанда жемқорлықтан келтірілген залал 9 млрд теңгеден асты

17:50, 25 сәуір 2018

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – 2017 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келтірілген залал шамамен 9,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Transparency Kazakhstan (ТС) есебінде айтылған, деп хабарлады LS.

5,9 млрд теңге пара алуға, 777,5 млн теңге ресми жалған ақпарат бойынша тіркелді.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы барлық құқық бұзушылықтардан келтірілген залал 315 млрд теңгеге жетті. Салыстыру үшін, 2016 жылы бұл көрсеткіш 14,9 млрд теңгені құраған.

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келтірілген залал әдеттегіден әлдеқайда көп. Арасындағы айырмашылық 80 есеге, 2013 жылы 80 млрд теңгеден 2014 жылы 1 млрд теңгеге дейін жетеді. Негізгі зиянды келтіретін сыбайлас жемқорлық қылмыс – ресми өкілеттіктерді дұрыс пайдаланбау болып есептеледі және ол осы қылмыс түрінің барлық залалының 95%-ын құрауы мүмкін», – деп түсіндірді ұйым.

ТК 2017 жылы залалдың 99,35%-ы мемлекетке, 0,2%-ы заңды тұлғаларға, 0,45%-ы жеке тұлғаларға жасалғанын айтты. Тергеу барысында 6,8 млрд теңге өтеліп, 1,8 млрд теңгеге мүлік тәркіге салынды.

«Әдетте, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасайтындар – жоғары білімі бар, бұрын қылмыс жасамаған ер адам, 21-49 жас аралығындағы мемлекеттік қызметкерлер. Сыбайлас жемқорлық үшін жылына 700-900 адам жазаланады. Бұл құқық бұзушылықты жасаған барлық тұлғалардың 70-80%-ы », – деді ТК-дағылар. ТК-да айтылғандай, тергеу жұмыстарымен ынтымақтастық нәтижесінде қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға болады.

Ұйымда егер үкімет және басқарманың қызметкерлері жасаған қылмыстарды жинайтын болсақ, соның 45-49 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қатысты екендігі айтылды.

Айта кетейік,  бұған дейін мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстан ең көп жемқорлық жасаған елдер тізімінен шыққанын мәлімдеген болатын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!