2022 жылға қарай интернет заттар нарығының көлемі $1,2 трлн-ға жетеді

16:02, 19 маусым 2018

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz –  International Data Corporation (IDC) компаниясы алдағы жылдардағы интернет заттардың (ІоТ) әлемдік нарығына болжам жасады, деп жазады servernews.ru.

2022  жылға дейін жаһандық ІоТ-сала тұрақты өсім көрсетеді деген болжам бар. Бұл жағдайға компаниялардың сандық түрлену үрдісінің үздіксіз жалғасуы, жаңа буындағы ІТ-экожүйені құру және шешімдерді жеткізушілердің өзара серіктестігі себеп болмақ.

Нәтижесінде 2022 жылға қарай әлемдік нарық көлемі 1,2  трлн долларға жетеді. Осылайша, IDC сарапшыларының пікірінше, CAGR (күрделі пайыздағы өсімнің орташа жылдық қарқыны) көрсеткіші 2017 жылдан 2022 жылға дейін 13,6% деңгейінде болмақ.

Егер ІоТ-саланың жекелеген сегменттерін қарастыратын болсақ, онда ең жоғары өсім қарқыны тұтынушылық сектордан байқауға болады. Мұнда CAGR көрсеткіші 19%-ға дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Одан кейінгі орындарды сәйкесінше 17,5% және 16,9% болжамды көрсеткіштерімен сақтандыру мен денсаулық сақтау салалары иеленбек.

Сонымен бірге тасымалдау және өндіріс орнатылған дайын құрылғылардың үлкен көлемі мен автокөліктерді басқару шешімдеріндегі сұраныстың жоғары болуы, көлік мониторингі және өндірістік активтерді басқарудың арқасында интернетке салынатын инвестицияларда көшбасшы орындарда қалады. IDC болжамы бойынша 2022 жылға қарай бұл ІоТ-сегменттердің әрқайсысындағы шығындар 150 млрд доллардан асып түседі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!