13 маусымдағы сауда барысында доллар бағамы көтерілуін жалғастырды

© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 13 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,22 теңгеге қымбаттап, 511,92 теңге болды.
Рубльмен сауда-саттық болған жоқ.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,14 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 513,5-515,9 теңге, еуро 590-594 теңге, рубль 6,35-6,47 теңге аралығында сатылуда.
13 маусымдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы өсуде.
Осылайша, Brent маркалы мұнай баррелінің құны 7,40%-ға өсіп, 74,49 долларды құрады.
Бұл ретте West Texas Intermediate мұнайының (қысқартылған WTI) баррелінің бағасы 7,86%-ға өсіп, 73,39 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 511,77 теңге, еуроны 593,19 теңге, рубльді 6,41 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 11 шілде 2025
11 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы көтерілді
-
11:28, 11 шілде 2025
11 шілдедегі Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
15:30, 10 шілде 2025
10 шілдедегі саудада доллар тағы біраз төмендеді
-
15:48, 9 шілде 2025
9 шілдедегі сауда барысында доллар бағамы аздап төмендеді
-
11:22, 9 шілде 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 9 шілдедегі валюта бағамы