2 қазандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті
© Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 2 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,46 теңгеге өсіп, 447,73 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,07 теңгеге көтеріліп, 5,39 теңгеге жетті.
Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы 446,6–449 теңге, еуро – 501,7–506,4 теңге, рубль – 5,06–5,19 теңге аралығында.
2 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Атап айтқанда, желтоқсанда жеткізілетін Brent мұнайының фьючерстері 2,8%-ға арзандап, барреліне 99,41 долларға түсті. Бір күн бұрын оның бағасы 101 доллардан жоғары болған еді.
Қарашада жеткізілетін WTI мұнайының бағасы 3,9%-ға төмендеп, барреліне 89,22 долларды құрады. Бір апта ішінде Brent 4,8%-ға, ал WTI 3,5%-ға арзандады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 441,91 теңге, еуроны 499,05 теңге, рубльді 5,3 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстандағы айырбастау пункттерінің 2 қазанның бірінші жартысында шетел валютасын қандай бағамен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:30, 4 қазан 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 4 қазан
-
12:32, 3 қазан 2026
3 қазанда доллар қаншадан саудаланып жатыр
-
11:37, 2 қазан 2026
2 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта қаншадан сатылып жатыр
-
16:05, 1 қазан 2026
Доллар 440 теңгеге дейін арзандады
-
11:39, 1 қазан 2026
1 қазанда Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамдары





