3D принтер бір тәулікте кәдімгі 1 үй тұрғыза алады

17:11, 15 наурыз 2018

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Америкалық ICON стартапы мен New Story қайырымдылық ұйымы дамушы елдерге арнап, үйді басып шығаратын 3D принтерді Техастағы SXSW 2018 көрмесінде таныстырды. Құрастырушылардың айтуынша, аумағы 60 квадрат метрлік кәдімгі бір қабатты үйді принтерден басып шығару үшін 12-ден 24 сағатқа дейін уақыт кетеді.

Принтер шығаратын ғимараттың максимум аумағы 80 квадрат метрден аспайды.

3D принтерде үйді баспадан салу құны 10 мың доллар. Алайда болашақта бұл бағаны 4 мың долларға дейін төмендету жоспарда бар.

Үйдің қабырғасы баспадан басылып болғаннан кейін, құрылысшылар баспананың терезе, шатырын, электр сымдарын орнатады.

Сондай-ақ, стартап келешекте құрылысшылардың орнына терезе салып, шатыр орнататын роботтарды жасайды.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!