«7-20-25» бағдарламасы арқылы 42 мыңнан астам отбасы үйлі болды
Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz — «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы арқылы ең көп үй алғандар – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары (212,2 млрд теңге сомасына 14 232 кредит). Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры хабарлады.
Аталған ипотекалық бағдарлама белгіленген лимит – 1 триллион теңгеге жеткенге дейін жұмыс істемек.
Бүгінгі таңда жоспарланған 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілді. Демек, «7-20-25» бағдарламасының әлі 466 миллиард теңге резерві бар.
«7-20-25» бағдарламасы бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға ғана несие береді. Ең көп ипотекалық қарыз Нұр-Сұлтан қаласында берілді. 212,2 млрд теңге сомасына 14 232 кредит. Алматыда – 127,5 млрд теңге сомасына 8 912 кредит, Шымкентте – 33 млрд теңге сомасына 2 843 кредит берілді.
Айта кетейік, ипотекалық бағдарламаның талаптарында баға лимиті белгіленген. Сатып алынатын тұрғын үйдің бағасы Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңы аймақтарын қоса алғанда), Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион теңгеден, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден және қалған өңірлерде 15 млн теңгеден аспауы тиіс.
«7-20-25» бағдарламасы халықтың барлық санаттарына арналған. Атында тұрғын үйі жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар елдің кез келген азаматы ипотека ала алады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





