Балалар аптасына 5 күн оқитын болады
12 жылдық білім беруге көшу үшін балалар 6 жастан бастап мектепке барады. Оның өзінде ата-ананың келісімі керек. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері осындай хабар таратты. Бұл жүйеге көшкен балалар әуелі мектепті нөлінші сыныптан бастауы керек.
Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендірумен қатар балалар бес күндік оқу аптасына көшеді. Осыған орай биыл 63 мың педагог біліктілігін арттырды. Жоғары сыныптарға таңдаған пәнін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер де дайындалып жатыр.
Талғат Жакенов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқарма басшысы
-Солардың базасында да үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көптеген өңірлерде ниет білдірген мұғалімдер жазылып жатыр. Енді ағылшын тілін шамалап білетін, жақсы білетін мұғалімдер бар ғой. Солар бірінші кезекте дайындалып, олар ары қарай өз мектептерінде басқа мұғалімдерді дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
Дереккөз: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





