Жаңа Renault көліктерінің жылдамдығы енді 180-нен аспайды

15:06, 27 сәуір 2021

© Сурет: kolesa.kz

2022 жылдан бастап жаңа Renault және Dacia модельдерінің ең жоғарғы жылдамдығы 180 км/сағ болады (Alpine-нен өзгелері). Бұл туралы Renault бас директоры Лука де Мео акционерлер жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Компания осы арқылы адам өліміне әкелетін жол апаттарын азайтуға ниетті. Мұндай апаттың үштен біріне жылдамдықты асыру себеп болады.

Топ-менеджер 180 км/сағ брендтің ең жоғарғы жылдамдық шегі болатынын айтты. Ал кейбір көліктерге бұдан да төмен шек белгіленеді. Мәселен Megane-ның жылдамдығы сағатына 160 шақырымнан аспайды.

Renault мұнымен тоқтамайды. Бренд автомобильдеріне Safety coach деп аталатын арнайы құрылғы орнатуды жоспарлап отыр. Ол жол белгілері мен геолокация мәліметтеріне сәйкес машинаның жылдамдығын автоматты түрде шектейді.

Бұл шектеу тек ЕО елдеріне әсер ете ме, әлде Renault және Dacia көліктері сатылатын барлық нарыққа қолданыла ма әлі белгісіз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!