Техникалық байқау қағазын 5 минутта жасап беретіндер ұсталды
© Сурет: pixabay
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын берумен айналысқан Ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, ел аумағында жалған тұлғаларға тек "қағазда" ғана бар 28 фирма ресімделген.
Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған, тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс жасайтын орындары болмаған.
Қылмыстық топты Көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған.
2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған. Мұндай "қызмет" бір автокөлік үшін 5 минуттық уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен.
Антикор қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ "формальді техникалық тексерулер" жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараларды қабылдайтын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





