Шетелдік көліктер мәселесі бойынша «Тікелей желі» ашылды
Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының шетелдерден сатып алған және бізідің еліміздің аумағына әкелген автокөліктерін тіркеу жөнінідегі мәселелерді түсіндіру үшін "Тікелей желі" телефон желісін іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандықтарға Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 (демалыс күндерін қоспағанда дейін түскі үзіліссіз 09:00-ден 19:00-ге дейін) телефондары бойынша кеңес беруге дайын.
Сонымен бірге, 17-18 қаңтарда еліміздегі барлық өңірлік полиция бөліністері кезекті республикалық "Жолда қабылдау" акциясын өткізеді. Азаматтарды мобильді қабылдау пункттерінде ішкі істер органдарының мамандары әрбір адамның жеке жағдайына байланысты тіркеу тәртібін нақты түсіндіреді. Осындай кеңестерді полицияның фронт-офистерінен алуға болады.
"Жолда қабылдау" акциясы шеңберінде және полиция фронт-офистерінде айыппұлдар туралы ақпараттар алуға, полиця көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы білуге болады. Өздерінің кезек күттірмес сұрақтарын шешу үшін ешқандай бюрократтық кедергілерсіз тікелей әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларына жүгіне алады.
"Жолда қабылдау" акциясы өткізілетін орындардың мекенжайларын өңірлік Полиция департаменттерінің сайттарынан білуге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр