Сағынтаев әл-Фараби мен Шығыс айналма жолының жылдамдығын қайтадан 80 етпек

16:55, 19 тамыз 2019

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен шығыс айналма жолындағы рұқсатты жылдамдық қайтадан сағатына 80 шақырым болып өзгеретін болды, деп хабарлайды Zakon.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

"Әкімдікке жоғары жылдамдықты магистральдарда (Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы) рұқсатты жылдамдықты қайтадан сағатына 80 шақырым етіп өзгертуге байланысты жүргізушілер мен Қалалық қоғамдық кеңес тарапынан көптеген хаттар келіп түскен. Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолы қаланың негізгі транзиттік магистралі болып табылады. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, жылдамдықты шектеу тек қала ішіндегі орталық көшелер үшін ыңғайлы. Мысалы, Испанияның айналма жолдарында рұқсатты жылдамдық 120 ш/с, Мәскеудегі МКАДта – 100 ш/с", – делінген әкімдіктің баспасөз баянында.

Әкімдікке осы мәселе бойныша 800-ден астам хат келіп түскен.

"Соған байланысты, әкімдік әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолының рұқсатты жылдамдығын қайтаған сағатына 80 шақырым межесіне дейін көтеру шешімін қабылдайды", – делінеді берілген ақпаратта.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!