«Оператор РОП» сонша ақшаның қайда жұмсалатынын айтты

17:08, 14 ақпан 2020
3703

ЕЭО елдерінен келген машиналарды уақытша тіркеу шарасы басталғаннан бері кейбір көлік иелерін: утилизациялық алым сомасы неге тым жоғары? жеке компания халықтың ақшасын қайда жаратады? деген сұрақтар мазалағаны рас. Көкейдегі сұрақтарды мекеме өкілдеріне kolesa.kz тілшісі қойды.

Компанияның баспасөз-қызметі хабарлағандай, Қазақстанда утилизациялық алым 2016 жылы енгізілді. Бірақ оның мөлшеріне "Оператор РОП" ЖШС-нің еш қатысы жоқ. Көлік құралдарын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және утилизациялау жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі төлемді есептеу әдістемесі ҚР энергетика министрінің № 762 бұйрығымен (2015 жылдың 25 желтоқсан), ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келісе отырып бекітілген. Утилизациялық алым мөлшерлемесін белгілеуге көлік құрастырушы мекемелер де белсенді қатысты. Нәтижесінде машинаның категориясына, қозғалтқыш көлеміне не толық массасына байланысты базалық мөлшерлемелер мен коэффициенттер қолданылады деген шешім қабылданды. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 1 мың см3-ге дейінгі көлік үшін төленетін утилизациялық алым сомасы 397 650 теңгені құраса, қозғалтқыш көлемі 2 мың см3-ге дейінгі көлік үшін 927 850 теңге төлеу қажет болады. Бұл ақша қайда кетеді?

Мамандардың айтуынша, қолданыстан шыққан бір жеңіл көлікті алып, тасымалдауға компания 18 900 теңге бөледі, ал утилизациялауға тағы 123 000 теңге қажет. 150 000 теңге жарамсыз көлікті өткізген азаматтарға беріледі. Ал жеңілдік беретін сертификаттарға 315 мыңнан 750 мың теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Қалған ақша жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және қоқыс шығару жұмыстарын ұйымдастыру мен қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және жанармай құю бекеттері инфрақұрылымын құру үшін жұмсалады. Айта кететіні, отандық автоөндірушілерге утилизациялық алым сомасының белгілі бір бөлігі қайтарылады, мұның барлығы Қазақстандағы өндірістің дамуына бағытталған.

2016 жылдан бері "Оператор РОП" ЖШС-і утилизациялау бағдарламасына 114.8 млрд теңге бөлді, оған: өндірісті ынталандыру (76.8 млрд теңге), қолданыстан шыққан көліктерді жинауды қамтамасыз ету (3.4 млрд теңге), ескі автокөліктерді өткізуді ынталандыру (10.9 млрд теңге), жасалатын жеңілдіктерді қаржыландыру (10.06 млрд теңге), ескі автокөліктерді тасымалдау және утилизациялау (11.5 млрд теңге), автокөлік экспортын ынталандыру (2.04 млрд теңге) шаралары кіреді.

Қазақстан аумағындағы өндірушілердің жауапкершілігін арттыру енгізілгеннен кейін елде қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және утилизациялаумен айналысатын 20-дан аса кәсіпорын ашылып, авторециклинг деп аталатын жаңа сала пайда болды. "Оператор РОП" ЖШС-нің көмегімен 75 мың тонна шина, 62 мыңнан аса аккумулятор батареясы, 12 782 тонна өңделген май, 120 364 тонна қапшық қайта өңделіп, утилизацияланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір