Мопедпен қаланың қай жерлерінде жүруге болады
Қазақстанда жеткізу қызметі үлкен сұранысқа ие болып, мопед мінгіштер көбейді. Кейде қос дөңгелекті көлік тізгіндегендердің көбі жол ережесінің өздеріне де қатысы барын білмейтіндей көрінеді. Ендеше мопедпен қай жерде жүруге болатынын түсіндіреміз, дейді kolesa.kz.
Мопед деген не?
Қос дөңгелекті көліктің бәрі мопед саналмайды. Жол ережесінде оның нақты анықтамасы бар:
Мопед — көлемi 50 текше см-ден аспайтын мотормен қозғалысқа келетiн екi немесе үш дөңгелектi және ең жоғары конструктивтi жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын көлiк құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер және осындай сипаттағы басқа көлiк құралдары жатады.
Мопедке қатысты негізгі ережелер ҚР ЖҚЕ-нің 16 және 24-бөлімінде көрсетілген.
Кім жүргізе алады
Жол ережесінің 24-бөлімі, 1-тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар жүргізе алатыны жазылған.
Қай жермен жүреді
Мопедпен қоғамдық көлікке арналған жолақты қоса алғанда, жүргін бөліктің оң жақ шетімен жүруге рұқсат беріледі. Бұл тек веложолақ болмаған жағдайда ғана, себебі мопедшілер велосипед жолағымен қозғалуға міндетті.
Қай жермен жүруге болмайды
Тротуар мен жол жиегінде мопедпен қозғалуға тыйым салынған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан мопед мініп өтуге болмайды. Бұл ережені бұзғандар 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Автомагистральге шығуға да рұқсат жоқ. Ол жөнінде жол ережесінің 16-бөлімінде жазылған.
Мопедпен жүретіндерге тағы не істеуге болмайды?
Мопед мінген азаматтарға қатысты шектеу қозғалуға болмайтын жерді сипаттаумен ғана аяқталмайды. Оған қоса:
ең болмаса бір қолмен рөлді ұстамай қозғалуға;
жолаушы тасымалдауға;
ұзындығы мен ені бойынша 50 см-ден артық шығып тұратын және көлік басқаруға кедергі келтіретін жүк тасуға;
трамвай жүретін жолдарда не бір бағытта қозғалуға арналған бірден көп жолағы бар көшелерде солға не кері бұрылуға;
велосипед не мопедпен сүйреуге рұқсат берілген тіркемеден басқа тіркемелерді және өзге велосипед не мопедті сүйреуге тыйым салынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр