Маңғыстау тұрғыны өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

16:13, 14 қаңтар 2021

Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйінде көлік жүргізу үшін тағы да отырды. Бұл іс Қарақия аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау тұрғыны 2019 жылы сот үкімімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Алайда, 2020 жылдың 30 қарашасында Қарақия ауданы Құланды ауылының жанындағы тас жолда ол Mitsubishi Montero көлігін мас күйінде басқарған.

- Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру және екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деп атап өтті Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!