Көк-Төбедегі өрттен кісі қаза тапты: полиция тергеуге кірісті

09:37, 12 тамыз 2019

Алматы полицейлері өрт кезінде орын алған кісі өлімін тергеуге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазір қаза тапқан адамның кім екені және оның өліміне әкеп соққан мән-жайлар анықталуда.

Сот-медициналық және басқа да бірқатар сараптамалар мен тексерулер тағайындалды, солардың нәтижесінде ол кісінің өлімінің нақты себебі анықталуы тиіс.

Кісінің мәйіті Көк-Төбедегі өртті сөндіру барысында табылған болатын.

Кеше, 11 тамызда сағат 14:28-де Алматы қаласының "101" пультіне қаланың Медеу ауданында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!