Клиентінен 33 мың теңге алған тойымсыз таксистке іздеу салынды

14:05, 12 шілде 2019

Шетел азаматын баратын жеріне жеткізіп, 33 мың теңгесін қағып алған таксисті Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Іздеп жатырмыз, видеоларды тексерудеміз. Facebook-тегі пост авторымен сөйлесіп, одан да көмек сұрадық. Ол көлік жақын маңдағы ғимараттардағы камераларға түсіп қалуы мүмкін, - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы МАА Наталья Соколова.

Алайда әуежайға кіріп-шығатын автокөлік өте көп. Бұдан бұрын Facebook-те Шакир Исламбакиев есімді қолданушы белгісіз таксистің шетел азаматынан 33 мың теңге алғанын хабарлаған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!