Қазақстанға жалған нөмірмен 11 автокөлік әкелу әрекеті жасалды

16:16, 6 ақпан 2020

23 қаңтарда Түркістан облысындағы "Атамекен" кеден бекетінде шекарадан өткізілмек болған 11 кроссовердің (көбі Lexus RX) заңға сай емес екені анықталды, деп жазады kolesa.kz.

Өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, бұған дейін бұл автокөліктер Қазақстан арқылы Грузиядан Өзбекстанға өтіп кеткен. Бірақ бірнеше күннен кейін қазақстандық нөмір тағып алып, Қазақстан шекарасына кіруге тырысты.

Тексеруден кейін анықталғандай, бұл автокөліктер Қазақстан аумағында кедендік тазартудан өтпеген, сәйкесінше, кедендік төлемдерден жалтару фактісі тіркеліп отыр. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жөнелтілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!