160 жылдық қазба жұмыстары тарихында алғаш рет: Троядан бірегей жәдігерлер табылды
© Сурет: pexels
Түркияның солтүстік-батысында орналасқан ежелгі Троя қаласында археологтар 2800 жылдық сүйектен жасалған сыбызғы мен шамамен 4500 жыл бұрын жасалған адам бейнесіндегі мүсіншенің басын тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Türkiye Today басылымының мәліметінше, бұл туралы 2026 жылғы 22 қазанда Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мәлімдеді.
Археологиялық қазба жұмыстары министрліктің "Болашаққа мұра" жобасы аясында жүргізілген. Зерттеу барысында археологтар архаикалық дәуірге жататын сүйектен жасалған үрмелі музыкалық аспапты тапқан. Бұл – Трояда 160 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған алғашқы әрі әзірге жалғыз музыкалық аспап.
Екінші жәдігер ерте қола дәуірінің мәдениеті туралы тың мәлімет береді. Ол – шамамен 4500 жыл бұрын жасалған адам бейнесіндегі пұт мүсіншенің басы. Археологтар оны ежелгі қоныстың бастапқы кезеңдерінің біріне жататын Троя II қаласының қақпасы маңынан тапқан.
Мамандар бұл жәдігер ерте қола дәуіріндегі наным-сенімдер мен символдық рәсімдерді, сондай-ақ Батыс Анадолы аумағындағы мәдени байланыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.
Мехмет Нури Эрсой екі жәдігер де алдағы уақытта жан-жақты ғылыми зерттеуден өтіп, оларды болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін арнайы консервациялау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Бұған дейін Мысырда археологтар ежелгі әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын Александрия шамшырағы бейнеленген сақина тапқаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 26 қазан 2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды
-
19:58, 26 қазан 2026
Үндістанда жай түсіп, 14 адам қаза тапты
-
19:31, 26 қазан 2026
Telegram дұрыс жұмыс істемей тұр
-
16:32, 26 қазан 2026
Қызғаныштан сүйіктісін өлтіріп, мәйітін тоңазытқышқа жасырған ер адам ұсталды
-
15:40, 26 қазан 2026
Түркияда қаңғыбас жануарлар қалмады: иттер мен мысықтар қайда жіберілді?





