Қарасай ауданында қарсы жолаққа құмар жүргізушілерге рейд жасалды

19:56, 24 шілде 2020

Алматы маңында қарсы бетпен қозғалған жүргізушілерге айыппұл салынды. Алматы облысы Қарасай ауданының полицейлері Алматы-Шамалған-Боралдай станциясының автожолында жергілікті рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорытынды - үш сағат ішінде 45 әкімшілік хаттама толтырылып, 15 автокөлік айып тұрағына қойылды.

"Алматы облысы Полиция департаментіне кері байланыс құралдары арқылы қала тұрғындарынан автожолдың осы учаскесінде жеке жүргізушілер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындығы туралы ақпарат келіп түсті. Бірнеше рет агрессивті жол жүру бейне жазбалары желіде жарияланды. Көлік жүргізушілері жалпы кезектен өтіп, қарсы жолға шығып, өзге жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндіруде. Аталғандардың негізінде, қосымша нарядтарды қарастыра отырып, осы учаскені тұрақты бақылауға алу және пысықтау туралы шешім қабылданды. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушілердің мұндай мінез-құлқына жол берілмейді. Нәтижесінде, үш сағат ішінде 26 тәртіп бұзушыға айыппұл салынды. Менің ойымша, бұл өзге азаматтарға жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау үшін дәлел және сабақ болады. Өкінішке орай, тәжірибенің көрсетуі бойынша, жауапсыздық пен заңға деген немқұрайлы көзқарас жол-көлік оқиғаларымен аяқталады", - дейді Қарасай аудандық полиция бөлімі бастығының м.а. полиция полковнигі Ғалымжан Жолдасбаев.

Полиция қызметкерлері бұл учаскелерде заңдылықты сақтауды жандандыру, атап айтқанда, жергілікті жұмыстар мен нүктелік рейдтер жүргізу туралы шешім қабылдады.

"Қоғамдық қадағалау сияқты ұғым бар. Әкімшілік заңнамада көзделген айыппұл санкциялары алдын алу мәселесінде нәтиже бермесе, қоғамдық қадағалау нысанын қолдану орынды. Осыған орай, азаматтардан осындай құқық бұзушылықтардың барлық белгілі деректері, фото, бейне материалдары болса Алматы облысы Полиция департаментінің police_almobl әлеуметтік желісіндегі парақшасына хабарлауларыңызды сұраймыз. Және «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік" аясында мұндай тәртіп бұзушыларға тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп толықтырды полковник Ғалымжан Жолдасбаев.

Анықтама үшін: анықталған құқық бұзушылықтар бойынша, өткен рейдте ЖҚЕ қатысты келесі құқық бұзушылықтар анықталды: тіркеу құжатсыз КҚ басқару-4, алдыңғы әйнегінде араңғылау пленкасы КҚ басқару – 6, көлік құралын МТНБ-сіз басқару – 3, басып озу, маневр жасау ережелерін бұзу-4, қарсы қозғалыс жолағына шығу-26 және өзгеде құқық бұзушылық түрлері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!