Ескі көлігін өткізгендерге 7 млрд теңге төленді – ӨКМ Операторы

ӨКМ Операторы тозығы жеткен көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге тапсыру бағдарламасына қорытынды жасады, деп хабарлайды zakon.kz оператордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылдың нәтижесі бойынша қабылдау бекеттері 41 262 мыңнан астам ескі көлік қабылдады. Техникасын жоюға тапсырғандарға берілген төлем көлемі 7 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 8 651 мың жеңілдік сертификаты ескі көлігін өткізгендерге табысталды.
Айта кету керек, биыл жеңіл автокөліктер үшін ақшалай төлем мөлшері ұлғайтылып, айлық есептік көрсеткішке байланысты төленетін болды. Маусым айынан бастап жеңіл көлігін өткізгендерге 150 мың теңгенің орнына 200 мың теңге (72 АЕК) берілді. Толық емес жиынтықтағы машина үшін төлем мөлшері 48 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ұлғайды.
2020 жылдың 2 қарашадан бастап ӨКМ Операторы істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдаудың пилоттық бағдарламасын іске қосты. Тапсырылған ескі комбайндар мен тракторлар орнына жеңілдік сертификаттары берілді. Жеңілдік сертификатының номиналы ауыл шаруашылығы техникасының түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланды. Пилоттық жоба аясында 100 трактор мен 20 комбайн қабылданып, бағдарламаға бөлінген квота мерзімінен бұрын игерілді.
Ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы келер жылы да жалғасын табады. 2021 жылы тозығы жеткен 45 мың көлік, сондай-ақ 2380 бірлік ауылшарушылық техникасын қабылдау жоспарланып отыр. Электронды кезек қаңтар айында ашылатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:38, 25 ақпан 2021
ІІМ армян нөмірлі көліктерге тыйым салуға батпай отыр
-
15:38, 25 ақпан 2021
Қазақстанда ресейлік нөмірлі Lada мен «ВАЗ» қаптады
-
09:36, 22 ақпан 2021
Сүйкімсіз Chevrolet Cobalt. Арзан седан кредитке алуға лайық па?
-
11:27, 19 ақпан 2021
Бұлар кім? Елде L сериялы сары нөмірлі көліктер жүр
-
10:01, 18 ақпан 2021
Зейнетақы ақшасын автокөлік алуға пайдалану қарастырылуда
Пікір