Браконьерлер өлтірген инспектордың отбасына көмек көрсетіледі – министрлік
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде Охотзоопром инспекторы Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп жазды министр өзінің Твиттер-дердегі парақшасында.
Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті "Нива" маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Салдарынан Қаныш Нұртазинов Державинск ауруханасында көз жұмды. Қазіргі уақытта марқұмның денесін туған ауылына жеткізу мәселелері талқыланып жатыр.
Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасалуда.
Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр