Автобуспен жүрмейтін шенділер халыққа ұнамайтын заң шығара жаздады

13:15, 22 қыркүйек 2020

Ел тұрғындары қарсы болған соң, ҚР ИИДМ автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалдау ережесінің жобасынан дау тудырған норманы алып тастады, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік ережеге енгізілетін түзетулер жобасын қоғам талқысына салған болатын. Құжатқа қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын автобус, шағын автобус және троллейбус салонында велосипед және электросамокат тасуға тыйым салатын тармақ қосылуы тиіс еді.

Шенділердің айтуынша, салондағы екі дөңгелекті көліктер машина кілт тоқтағанда, бұрылғанда не жол-көлік оқиғасы болғанда жолаушы денсаулығына зиян келтіруі және киімді былғауы мүмкін.

Алайда ұсыныс ел тұрғындарының көңілінен шықпай, сынға ұшырады. Нәтижесінде ҚР ИИДМ даулы тармақтан бас тартуға мәжбүр болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!