Алматыда салық қарызы миллионға жеткендердің көлігі тәркіленуде 

12:50, 12 тамыз 2021

© Сурет: Павел Михеев / zakon.kz

Қарызы барларды камера арқылы анықтады, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматының салықшылары мен сот орындаушылары осындай әдіспен берешегі милион теңгеден асқан борышкерді тауып, қымбат көліктерін сол жолдың бойынан тәркіледі.

Құзырлы органдар ескертуді елемей салықтан жалтарған азаматты аяған жоқ. Жүргізуші сан мың сылтау айтуға тырысқанымен, салықшылар темір тұлпарын бірден айып тұрағына алып кетті. Өйткені салыққа немқұрайды қарайтын азаматтардан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алудан басқа амал жоқ дейді.

Алматы қаласында 58 мыңға жуық тұрғын көлік салығын жылдап төлемеген. Олардың қазынаға жалпы қарызы 4 млрд теңгеден асып жығылады. Енді салыққа салғырт қарайтындардың ісі сотта қаралатын болады.

Айжан Бекеева, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Қазіргі таңда көлік салығына борышы барларға қатысты іс-шара жүргізіліп жатыр. Қазір төлеу оңай. Онлайн түрде болады. Мобильдік қосымша арқылы немесе екінші деңгейлі банктер арқылы төлеуге болады. Бұл жұмыс жыл аяғына дейін жүргізіледі. Сондықтан қарызы бар адамдар салықты тездетіп төлеп тастауды сұраймыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!