Алматы облысының тұрғыны бір өзі Армениядан 78 көлік әкелген

15:59, 5 ақпан 2020

ҚР Ішкі істер министрлігі ЕАЭО елдерінен қазақстандықтар алып шыққан көлік құралдары туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

475 қазақстан азаматының әрқайсысы бес немесе одан көп көлік тасыған. Жалпы импорт көлемі - 4152 автомобиль.

Шетелдік көлікті импорттауда көшбаушы - Алматы облысы. Мұнда бір адам Армениядан 78 көлік әкелген. Сондай-ақ Атырау облысының бір тұрғыны 43 және тағы бір тұрғыны 40 көлік әкелген.

Шетелдік көліктерді көп импорттаған қазақстандықтардың көпшілігі еліміздің бес өңірінен:

Атырау облысы - 2300;

Маңғыстау облысы – 468;

Ақтөбе облысы – 391;

Алматы облысы – 170;

Түркістан облысы - 146 көлік.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!